Оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында 2022 жылғы 2-6 желтоқсан аралығында Өскемен қаласында спорт түрлері бойынша облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 9-11 сыныптары арасында Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі өткізілді.
Қатысушылар саны 403 оқушыны қамтыды.
Жарыс қорытындысы бойынша:
Тоғызқұмалақ
І орын - «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ, Өскемен қаласы;
ІІ орын – «№14 негізгі орта мектебі» КММ, Өскемен қаласы;
ІІІ орын – «Көкжота орта мектебі» КММ, Самар ауданы.
Шахмат
І орын – «Б. Майлин атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ,
Тарбағатай ауданы;
ІІ орын - «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ, Өскемен қаласы;
ІІІ орын – «Алтай қаласының № 7 орта мектебі» КММ, Алтай ауданы.
Асық ату
І орын - «Т. Рысқұлов атындағы орта мектебі» КММ, Тарбағатай ауданы;
ІІ орын – «Көкжота орта мектебі» КММ, Самар ауданы;
ІІІ орын – «С. Аманжолов атындағы орта мектебі» КММ, Ұлан ауданы.
Бес асық
І орын - «Т. Рысқұлов атындағы орта мектебі» КММ, Тарбағатай ауданы;
ІІ орын – «С. Аманжолов атындағы орта мектебі» КММ, Ұлан ауданы;
ІІ орын – «А. Орманбетов атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебі» КММ, Зайсан ауданы;
ІІІ орын – «Көкжота орта мектебі» КММ, Самар ауданы.
Футзал
Ұлдар арасында
І орын – «Тұрғысын орта мектебі» КММ, Алтай ауданы;
ІІ орын – «Р. Марсеков атындағы орта мектебі» КММ, Ұлан ауданы;
ІІІ орын – «Үлкен нарын орта мектебі» КММ, Катонқарағай ауданы.
Қыздар арасында
І орын – «Таврия орта мектебі» КММ, Ұлан ауданы;
ІІІ орын – «Ы. Алтынсарин атындағы Глубокое орта мектебі» КММ, Глубокое ауданы.
Баскетбол
Ұлдар арасында
ІІ орын – «№1 мектеп-лицейі» КММ, Риддер қаласы;
ІІІ орын – «Алтай қаласының № 9 орта мектебІ» КММ, Алтай ауданы.
Қыздар арасында
І орын – «Мұхамет Шаяхметов атындағы №23 орта мектебі» КММ,
Өскемен қаласы;
ІІІ орын – «Быструха орта мектеп - балабақша кешені» КММ, Глубокое ауданы.
Волейбол
ІІ орын – «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ, Өскемен қаласы;
ІІІ орын – «№49 жалпы білім беретін мектебі» КММ, Өскемен қаласы.
Қыздар арасында
І орын – «№1 Самар орта мектебі» КММ, Самар ауданы;
Спортшыларды жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыстар мен жетістіктер тілейміз!