«Ұлт мақтанышына айналған Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева - қазақ мектептерінде әдебиетті оқытудың әдістемесі мен жаңа технологиясын қалыптастырған әдіскер - ұстаз» атты өңіраралық педагогикалық оқу

«Ұлт мақтанышына айналған Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева -  қазақ мектептерінде әдебиетті оқытудың әдістемесі мен жаңа технологиясын қалыптастырған әдіскер - ұстаз» атты өңіраралық педагогикалық оқу

Шығыс Қазақстан облысы  білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы  2022 жылдың 4 қараша күні Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған   Жамбыл атындағы облыстық  мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ мектеп базасында «Құрмет» орденінің иегері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Ұлттық Педагогика ғылымдары академиясының құрметті академигі, профессор Қ.Бітібаеваның ұстаздық еңбегіне  арналған «Ұлт мақтанышына айналған Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева - қазақ мектептерінде әдебиетті оқытудың әдістемесі мен жаңа технологиясын қалыптастырған әдіскер-ұстаз» өңіраралық ІІ педагогикалық оқуын өткізді.

Педагогикалық оқудың мақсаты  – ұлттық педагогикамызды, қазақ әдебиетін әлемге танытқан Қанипа Омарғалиқызының  қазақ әдебиетін оқыту әдістемесін жетілдіру бағытындағы  ізденістері мен іс-тәжірибелерінің өміршеңдігін таныту, оқу-әдістемелік қызметін насихаттау.

Педагогикалық оқуға Астана, Алматы қалалары, Павлодар, Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан облыстары жоғары оқу орындарының профессорлық – оқытушылық құрамы, Қ.Бітібаеваның республикалық ғылыми-әдістемелік зертханасының жетекшілері, жалпы орта білім беретін мектептердің пән мұғалімдері қатысты.

Іс-шара қонақтарын студенттерден құралған домбыра оркестрі тамаша күймен қарсы алды. Шара Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі студенттерінің «Дәуірдің дара ұстазы» атты әдеби-музыкалық қойылымымен басталды.

Педагогикалық оқу  пленарлық  және секциялық  бағыттарды қамтыды. Пленарлық бағытта Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, филология ғылымдарының докторы,  профессор, магистрлер, республикалық, облыстық  ғылыми-әдістемелік зертхана жетекшілері:

Оралқанов Айбек Тілеубекұлы, Павлодар облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Шаңырақ» Облыстық халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығы басшысының орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,  Қазақстан Журналистер одағының мүшесі «Ұстаз - оқушының рухани досы» Қ.Бітібаеваның педагогикалық іс-тәжірибесіндегі оқушымен рухани байланысы»;

Кабдыгалиева Айман Толепбергеновна, Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Барлыбек Сырттанұлы атындағы №25 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы» КММ директоры, республикалық «Үздік педагог-2018»  атағының иегері, педагог-шебер «Қ. Бітібаева технологиясы және инновациялық жобалар: Тәжірибе. Идея. Нәтиже»

Картаева Айжан Маратбекқызы, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, филология ғылымдарының докторы,  профессор, «Абайтану» институтының директоры  «Қанипа Бітібаева - қазақ әдебиетін оқытудың реформаторы»;

Алпысбаева Жанаргүл Саяжановна, Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің «№6 жалпы  орта білім беретін мектеп-интернаты» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Қ.О.Бітібаева атындағы кіші зертхана жетекшісі «Қ.О.Бітібаеваның педогогикалық әлеміндегі шығармашылықтың рөлі»;

Даутова Жанна Оралхановна, «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК, Қ.Бітібаева атындағы атаулы кабинеттің меңгерушісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні  оқытушысы, филология ғылымдарының  магистрі «Колледжде тіл мен әдебиетті оқытуда Қ.Бітібаеваның  атаулы кабинетінің рөлі»;

Мукашева Меруерт Козыкановна, Шығыс Қазақстан облысы  білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ, Қ.Бітібаеваның республикалық ғылыми-әдістемелік зертханасының жетекшісі, педагог-шебер, филология ғылымдарының  магистрі «Қ.Бітібаеваның «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясымен М.Әуезовтің  туындыларын оқыту» тақырыптарында өзіндік зерттеулер, іс-тәжірибелері, ізденістерімен бөлісті.

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімдерін даярлау факультетінің І курс студенті, Қ.Бітібаева атындағы грант иегері Қасаинова Ару Наурызбекқызы ұстаз еңбегіне құрметін мақтанышпен жеткізді.

Педагогикалық оқудың секциялық бөлімінде:

  • «Қанипа Бітібаеваның ұстаздық тағылымы және жаңартылған білім беру мазмұнында оқытудың өзекті мәселелері»;
  • «Ой, ойлану барлық пәндерге де керек...» Қанипа Бітібаеваның «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясының тиімділігі»;
  • «Қ.Бітібаеваның педагогикалық идеялары мен тәжірибесі – жас ұрпақты тәрбиелеудің көзі» бағыттарында жалпы орта білім беретін мектептердің гуманитарлық, жаратылыстану бағыттарындағы пән мұғалімдері мен тәрбие бағыты бойынша мамандар ұстаз еңбегін насихаттаудағы жұмыстарымен бөлісті.

Шара барысында қатысушылар Қ.Бітібаева атындағы мұражайдағы әрбір экспонат, қолданған заттары және жұмыс орнымен танысып, әсерлерін жеткізді. Зертханасындағы жұмыстармен танысып, тәжірибе алмасты. Алматы облысынан келген қатысушы  Муханжанова Айгүл Нығмеджанқызы Хан апа еңбегіне жүрекжарды арнауын ұсынды. Мектеп оқушылары Қ.Бітібаеваға арналған өлең жолдарын оқыды. Алматыдан келген №39 мамандандырылған лицейдің ұстазы Аманов Нұржігіт мұражайға өз  мектептерінің естелік төс белгілерін тарту етті.

Шара соңында  кері байланыс ұйымдастырылып,  қатысушылар Қанипа Бітібаеваның педагогикасы мен  әдістемесінің өміршең екендігін танытты. Өңіраралық деңгейде  өткен іс-шараның ұйымдастырылуына жоғары баға берілді.

Спикерлерге алғыс хат, қатысушыларға сертификат табыс етілді. Педагогтердің ұсынылған мақала, баяндама, зерттеу жұмыстары  электронды жинаққа енгізіліп, ШҚО білім басқармасының білім беру порталына орналастырылады.

Жауапты - оқытудың мазмұны және білім сапасы мониторингі  кабинетінің әдіскері А.Ж.Билялова