Мұғалімнің кәсіби даму траекториясы және ЖМБ пәндері бойынша жаңа педагогикалық тәсілдер (ынталандырылмаған балалармен жұмыс) онлайн - семинары

Мұғалімнің кәсіби даму траекториясы және ЖМБ пәндері бойынша жаңа педагогикалық тәсілдер (ынталандырылмаған балалармен жұмыс)  онлайн - семинары

Кәсіби даму траекториясы мұғалімнің үздіксіз педагогикалық білімінің жүйе құраушы факторы болып табылады.

Мұғалімнің кәсіби дамуының жеке траекториялары, белгіленген мақсаттар, қажетті білім беру ресурстары мен ақпараттық өрісті таңдау еркіндігі, қызмет түрлерін кешенді жоспарлау, өзін – өзі мақсатты  тәрбиелеу, рефлексия және бағалау, өз қызметінің нәтижелері негізінде кәсіби шеберліктің шыңдарына бағытталған дәйекті қозғалысы – мұғалім қызметінің негізгі компоненттері болып табылады.

2022 жылғы 4 қарашада Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы күзгі каникул мектебі шеңберінде әдістемелік қолдау мақсатында «Мұғалімнің кәсіби даму траекториясы және ЖМБ пәндері бойынша жаңа педагогикалық тәсілдер (ынталандырылмаған балалармен жұмыс)» онлайн-семинарын өткізді.

Іс - шарада:

Рыбина Наталья Николаевна, ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Первомайка орта мектебі» КММ мектеп директоры,  математика және информатика пәні мұғалімі, «Траектория профессионального развития учителя и новые педагогические подходы в работе с немотивированными детьми на уроках математики и информатики в условиях малокомплектной школы»;

Ракишева Гүлмира Байғалиқызы, ШҚО ББ  Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№15 орта мектебі» КММ физика пәнінің мұғалімі, «Физика сабақтарында ынтасы төмен оқушылармен жұмыс жасаудағы білім беру сапасын арттыру шарттарының бірі - мұғалімнің кәсіби дамуы»;

Краснощекова Нина Александровна, ШҚО ББ Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Д. Н. Карбышев атындағы Первомайка жалпы білім беретін мектеп-балабақша кешені» КММ математика және информатика пәнінің мұғалімі,  «Приемы  мотивации учащихся на уроках математики и информатики»  тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар барысында спикерлер ЖМБ пәндері бойынша «мұғалім-оқушы» форматындағы педагогикалық тәсілдер, оны тиімді ұйымдастыру жолдарын көрсетті.

Кері байланыс кезінде қатысушылар семинар тақырыбының өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтіп, өз тәжірибелерінде одан әрі пайдалану үшін әдістемелік ұсыныстар алды.

Іс-шараға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің математика, физика, информатика пәндерінен 100 мұғалім қатысты.

Модератор: Желпакова Айгуль Халелевна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің математика, физика, информатика пәндері бойынша әдіскері.