«Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру онлайн-семинары

«Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру онлайн-семинары

2022 жылдың 4 қарашада Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы күзгі демалыс мектеп жоспары аясында «Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру» атты облыстық онлайн – семинар өткізді.

Семинардың мақсаты - шағын жинақты мектептердегі біріктірілген сыныптарында оқу-тәрбие процесін жетілдірудің өзекті мәселелерін талқылау, шешу жолдарын айқындау, жаңашылдық идеяларды ортаға салу, тәжірбие алмасу.

 Онлайн-семинар барысында жұмыс тәжірибесі ұсынылды:

Абдреимова Гульназ Дамировна, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Бірлік негізгі орта мектебі» КММ директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «Шағын жинақты мектептерде өз бетімен жұмыс істеу арқылы  оқушылардың белсенділігін арттыру»;

Акимжанова Гульдана Акказыновна, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Т. Тоқтаров атындағы мектеп-балабақша» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары  «Шағын жинақты мектепте сабақты жоспарлау»;

Альпатина Самал Бейбітшілікқызы, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы  Катонқарағай ауданы  білім бөлімінің «Өрел орта мектебі» КММ  оқу ісі жөніндегі орынбасары  «Ауыл мектебі» жобасы және шағын жинақталған мектеп мұғалімдерінің кәсіби-педагогикалық қызметінің ерекшелігі мен маңызы»;

Есельбаева Жансая Дюсембекқызы, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім  бөлімінің «Такыр негізгі орта мектебі» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары  «Шағын жинақты мектептерде біріктірілген сыныптарында әдістемелік жұмысты жүйелі жоспарлау мен іске асырудың тиімді жолдары»;

Адилова Гаухар Адиловна, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Т.Тоқтаров атындағы негізгі орта мектебі» КММ  директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары «Шағын жинақты мектепте біріктірілген сыныптарда оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері» баяндамаларында шағын жинақты мектептердің оқу-тәрбие үрдісіндегі өзекті мәселелерді ортаға салып, ой-пікір алмасты және іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар материалдары аудандық және қалалық білім бөлімдеріне жолданды.

Іс-шараға облыстың және аудандардың шағын жинақталған мектептерінен    100-ден астам  мектеп директорлары, мектеп директорының оқу- тәрбие жөніндегі орынбасарлары және негізгі пән мұғалімдері қатысты.

Модератор : Модератор: Бошаева Гульнара Манашевна ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығы  білім беру менеджменті кабинетінің әдіскері.