«Ұлт мақтанышына айналған Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева - қазақ мектептерінде әдебиетті оқытудың әдістемесі мен жаңа технологиясын қалыптастырған әдіскер-ұстаз» атты өңіраралық педагогикалық оқудың БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Ұлт мақтанышына айналған Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева -  қазақ мектептерінде әдебиетті оқытудың әдістемесі мен жаңа технологиясын қалыптастырған әдіскер-ұстаз» атты өңіраралық педагогикалық оқудың БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Шығыс Қазақстан облысы  білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы  2022 жылдың 4 қараша күні КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Ұлттық Педагогика ғылымдары академиясының құрметті академигі, профессор, «Құрмет» орденінің иегері Қ.Бітібаеваның еңбегіне  арналған «Ұлт мақтанышына айналған Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева - қазақ мектептерінде әдебиетті оқытудың әдістемесі мен жаңа технологиясын қалыптастырған әдіскер-ұстаз» өңіраралық педагогикалық оқуын өткізеді.

Педагогикалық оқудың мақсаты – ұлттық педагогикамызды, қазақ әдебиетін әлемге танытқан Қанипа Омарғалиқызының  қазақ әдебиетін оқыту әдістемесін жетілдіру бағытындағы  ізденістері мен іс-тәжірибелерінің өміршеңдігін таныту, оқу-әдістемелік қызметін насихаттау.

Педагогикалық оқуға Астана, Алматы қалалары, Павлодар, Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан облыстары жоғары оқу орындарының профессорлық – оқытушылық құрамы, Қ.Бітібаеваның республикалық ғылыми-әдістемелік зертханасының жетекшілері, жалпы орта білім беретін мектептердің пән мұғалімдері қатысады.

 Педагогикалық оқу  пленарлық  және секциялық  бөлімдерді қамтиды. Пленарлық бөлімде Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, филология ғылымдарының докторы,  профессор, магистрлер, республикалық, облыстық  ғылыми-әдістемелік зертхана жетекшілері, Қ.Бітібаева атына берілетін шәкіртақы иегері, ЖОО-на берілетін грант иегері өзіндік ойлары, зерттеулер, ізденістерімен бөліседі.

Секциялық бөлімде «Қанипа Бітібаеваның ұстаздық тағылымы және жаңартылған білім беру мазмұнында оқытудың өзекті мәселелері», «Ой, ойлану барлық пәндерге де керек...» Қанипа Бітібаеваның «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясының тиімділігі», «Қ.Бітібаеваның педагогикалық идеялары мен тәжірибесі – жас ұрпақты тәрбиелеудің көзі» жалпы орта білім беретін мектептердің гуманитарлық, жаратылыстану бағыттарындағы  пән мұғалімдері мен тәрбие бағыты бойынша мамандар ұстаз еңбегін насихаттаудағы жұмыстарымен бөліседі.

Өтетін орны:

 Пленарлық бөлім -  «Шығыс Қазақстан  гуманитарлық колледжі» КМҚК базасында, Өскемен қаласы, Қ.Бітібаева  көшесі,1

Секциялық бөлім -  «Дарынды балаларға арналған   Жамбыл атындағы облыстық  мамандандырылған мектеп – гимназия – интернаты» КММ базасында, Өскемен қаласы, Қ.Бітібаева көшесі, 12/1

Өтетін мерзімі: 4 қараша 2022 жыл, пленарлық бөлім – сағат 10.00 – 12.00 секциялық бөлім – сағат 14.00 -16.00

Жауапты - оқытудың мазмұны және білім сапасы мониторингі  кабинетінің әдіскері А.Ж.Билялова, 87055014271