«Музыка сабағында көркемдік әрекеттер арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» облыстық онлайн-семинары

«Музыка сабағында көркемдік әрекеттер арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» облыстық онлайн-семинары

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2022 жылғы 11 қазанда «Музыка сабағындағы көркемдік әрекеттер арқылы балалардың шығармышылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында онлайн-семинар өткізді. Семинарға аудандық, қалалық білім бөлімдерінің музыка пәнінің мұғалімдері қатысты.  

Семинардың мақсаты - алдыңғы қатарлы музыка пәні мұғалімдерінің іс-тәжірибелерімен бөлісу, кәсіби шеберліктерін арттыру, балалардың музыкалық сауаттылығын қалыптастыру мәселелерін жүзеге асыру, озық тәжірибені жинақтау және тарату. 

Семинар барысында:

Штрошерер Елена Эдуардовна,Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Островский атындағы №1 мектеп-гимназиясы» КММ директоры, музыка пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші және Кузнецова Наталья Васильевна музыка пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші «Развитие творческой способности через художественно-творческую деятельность» тақырыбында шеберлік сыныптарын ұсынды.

Нурсултанова Гульназ Бохановна, Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «М.Дауленов атындағы мектеп-интернаты» КММ музыка пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші «Қазақ халық әнінің әуенділігі. Сырлы ән» тақырыбында қолданатын әдіс-тәсілдермен таныстырды.

Зяблинская Римма Рафаиловна, Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Белоусовка негізгі мектебі» КММ музыка пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші «Методы и приемы развития творческих навыков на уроках музыки и во внеурочной деятельности»;  

Куанганова Куралай Марбековна, Өскемен қаласының №47 жалпы білім беретін мектебінің музыка пәнінің мұғалімі, педагог-модератор  «Музыка сабағында көркем шығармашылық белсенділік арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру» тақырыптарында балалардың музыкалық сауаттылығын арттыру жолдары бойынша өз зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісті.

Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қатысқан ұстаздар спикерлерге алғыстарын білдіріп, өткен іс-шараның өзектілігін атап өтті.

Модератор: Кемельбаева Ш., «Шығыс» ӨО оқытудың мазмұны мен білім сапасының мониторингі кабинетінің әдіскері.