
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2022 жылы 6 қазан күні «ТРИНТА» жеке қорымен бірлесіп «Жоғары сынып оқушыларының көшбасшылық дағдыларын, азаматтық және әлеуметтік белсенділігін дамыту мүмкіндіктері» тақырыбында оқыту онлайн – семинарын өткізді.
Аталған онлайн-семинар мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және «Құқық негіздері», «Тарих» пәндері мұғалімдерімен жоғары сынып оқушыларының көшбасшылық дағдыларын, азаматтық және әлеуметтік белсенділігін дамытуға қатысты құрылымдық ақпаратты, оның ішінде мүмкіндіктер, тәсілдер мен ұйымдар туралы ақпарат беру мақсатында өткізілді.
Онлайн-семинар барысында «ШҚО-дағы Үкіметтік емес ұйымдарды және басқа да азаматтық қоғам институттарын қолдаудың Азаматтық ресурстық орталығының жұмысын ұйымдастыру» жобасы шеңберінде «Тринта» жеке қоры қызметкерлері семинар тақырыбы бойынша таныстырылым жасап, ақпараттар берді.
Ұйымдастырылған кері байланыста қатысушылар қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар алып, берілген кеңестердің тиімділігін және жұмыс барысында ақпараттарды қолдану мүмкіндігін атай келе, ризашылықтарын білдірді.
Шараға 150 педагог қатысты.
Модератор: ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны және білім беру сапасы мониторингі кабинетінің тарих пәнінің әдіскері Абраимова Б.К.