Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы және «С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ «Қазақстан тарихы» және «Қабанбай батыр» атындағы әскери кафедралары бірлесе 2022 жылдың 14 қазан күні Дарабоз батыр, талантты қолбасшы, мемлекет қайраткері, дипломат, саясаткер Қаракерей Қабанбайдың 330 жылдық мерейтойына арналған «Жаугершілік заманның қазақ батырлары: тарих және тағылым» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Ғылыми-практикалық конференцияның мақсаты-Рухани жаңғыру идеясы негізінде ел мен жерді қорғау үшін болған тарихымыздағы соғыстарды зерделеу арқылы ата-баба аманатына адал болып, ұлан-ғайыр жерімізді қорғаған, халық мақтанышына айналған Ерліктің арқауы,елдіктің бастауы болған дарабоз батыр Қаракерей Қабанбай бабамыздың ерлігін ұлықтау арқылы жас ұрпаққа насихаттау, қазақстандық патриотизм құндылығының өзегіне айналдыру, отаншылдық қасиетті қалыптастыру.
Қатысушылар-Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстардың ЖОО-ның ғалымдары, магистранттар, докторанттар, әдістемелік орталық (кабинет) әдіскерлері, жалпы білім беретін мектептердің директорлары мен директор орынбасарлары, пән мұғалімдері, мұражай қызметкерлері.
Конференция жұмысы үш бөлімнен тұрады:
1.Пленарлық бөлім (офлайн түрінде)
2.Диалогтық алаң (офлайн түрінде)
3.Секциялық бөлім (онлайн)
Секция бағыттары.
-Қабанбай батыр ерлігі тарих жазбаларында.
-Батыр бабалар ерлігі- жас ұрпаққа аманат.
-Батыр баба есімі мәңгілік (Қабанбай батыр есімі берілген жер атаулары).
-Қазақ ақын-жыраулар шығармашылығына арқау болған Қабанбай батыр бейнесі.
Өтетін орны: ШҚО, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі 55, «С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ бас корпусы базасында.
Конференцияның өткізілу тәртібі
1.Пленарлық отырыстың басталуы - 2022 жыл, 14 қазан, сағ:10.00.
2.Диалогтық алаңның басталуы -2022 жыл, 14 қазан, сағ:14.00.
3.Секциялық отырыс (онлайн) басталуы - 2022 жыл, 14 қазан, сағ:15.00.
Конференция материалдары электронды жинаққа енгізіліп, ШҚО білім басқармасының білім беру порталына орналастырылады.
Жауапты - оқытудың мазмұны және білім сапасы мониторингі кабинетінің әдіскері Б.К. Абраимова 87017677658.