«Бояулар құпиясы» жас суретшілердің республикалық шығармашылық байқауының ҚОРЫТЫНДЫСЫ

«Бояулар құпиясы» жас суретшілердің  республикалық шығармашылық байқауының  ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2022 жылдың 21-23 қыркүйекгі аралығында Шығыс Қазақстан облысының құрама командасы «Бояулар құпиясы» республикалық жас суретшілер конкурсына қашықтықтан қатысты.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК.

Шығыс Қазақстан облысынан байқаудың облыстық қашықтық кезеңінің 6 жеңімпазы қатысты.

Байқаудың мақсаты - жас суретшілердің эстетикалық, гуманистік және патриоттық сезімдерін, әлемдік және отандық көркем мәдениет дәстүрлеріне жеке қызығушылығын тәрбиелеу.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:

1) «Менің елім - менің жерім»;

2) «Таланттар палитрасы».

Байқау қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының оқушысы «Таланттар палитрасы» номинациясы бойынша – Зиновьева Арина (Өскемен қаласы) ІІІ орынды иеленді.  

Конкурс жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Жеңімпаз дипломдарының және қатысушы сертификаттарының электрондық нұсқалары www.ziyatker.org сайтта орналастырылған.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!

Диплом