«Әлем таныған Әуезов» бірыңғай күн

«Әлем таныған Әуезов»   бірыңғай күн

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығының  жылдық жоспарына сәйкес облыстың жалпы білім беретін ұйымдарында  2022 жылғы 23 қыркүйек күні  қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері  Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толу құрметіне арналған «Әлем таныған Әуезов»  атты бірыңғай күн өткізілді.

Мақсаты - Мұхтар Әуезов  өміріндегі тың деректер, шығармалары арқылы қазақ халқының  ұлт ретінде қалыптасуына қосқан өлшеусіз еңбегін таныту, өмірі мен шығармашылық мұрасын зерделеу, шығармашылығы арқылы рухани бай мұрасын насихаттау.

Іс шара аясында  Шығыс Қазақстан облысының  жалпы орта білім беретін мектептерінде ұлы жазушының өлшеусіз еңбегін таныту мақсатында «Әлем таныған Әуезов» салтанатты жиын, «Әуезов аудиториясы» кітап көрмесі, М.Әуезовтің «Қазақтың өзгеше мінездері», «Адамдық негізі – әйел», «Оқудағы құрбыларыма», «Қайсысын қолданамыз»,  «Ғылым тілі» мақалаларын таңдай отырып эссе жазу байқауы, «Абай жолы» -  ғасырлық туынды» дөңгелек үстел, «Жетім» әңгімесін тізбектей оқу, «Бал – балалық» сурет көрмесі, «Абай жолы» романы желісі бойынша  6 сынып оқушылары арасында  сахналық көрініс, 5 сынып оқушылары арасында  жазушының өмірі мен шығармашылығына байланысты сурет байқауы, 9 сынып оқушылары арасында жазушының шығармашылығы бойынша пікірталас, «Әлемге әйгілі - М.Әуезов» тақырыбында сынып сағаты, «Мұхтар - қазақ даласының кемеңгері» интеллектуалдық ойын, «Көксерек» әңгімесі желісінде сурет салу байқауы, «Мұхтар әңгімелеріндегі ішкі ой» монолог оқу, «Мұхтардың мағыналы сөздері» нақыл сөздерін мәнерлеп оқу, «Мұхтар Әуезов туралы не білеміз?» танымдық-зияткерлік сайыс сабағы, «Әлем таныған Әуезов»     бейнеролик, «Абай жолы» - тарихи  роман-эпопеясы негізінде тақырып пен идеяны танытуда дөңгелек үстел, пікіралмасу, «Мұхтарды Мұхтар еткен Абай – дана, Абайды Абай еткен – Мұхтар ғана»мазмұндама жазу байқауы, «Еңлік – Кебек» пъесасынан қойылым, «Мұхтар Әуезов  - ұлы тұлға» тақырыбында диктант т.б. ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

Өткізілген іс-шаралар қорытындысы (фотосуреттер, видео материалдар) әлеуметтік желілер Instagram, Facebook парақшаларында, ШҚО ББ бойынша орталықтың сайтында жарияланды.

https://www.instagram.com/p/Ci2CCBgqqOH/?igshid=YmMyMTA2M2Y= 

https://www.instagram.com/reel/Ci2XC5tqQfK/?igshid=YmMyMTA2M2Y= 

https://www.instagram.com/reel/Ci2XcC8KDFL/?igshid=YmMyMTA2M2Y= 

https://www.instagram.com/reel/Ci2XcC8KDFL/?igshid=YmMyMTA2M2Y= 

https://www.instagram.com/reel/CiRiMSxI8Mo/?igshid=MDJmNzVkMjY= 

https://www.instagram.com/p/CiMjELPrErc/?igshid=MDJmNzVkMjY= 

https://www.instagram.com/p/CiMTwPIIdSp/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

Жауапты - оқытудың мазмұны және білім сапасы мониторингі  кабинетінің әдіскері    А.Ж.Билялова