Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы тарих пәні мұғалімдерінің «Атамекен» қауымдастығының жылдық жоспарына сәйкес 2022 жылы 14 қыркүйек күні «Авторлық бағдарлама мұғалімнің зияткерлік еңбегі мен зерттеу жұмысының нәтижесі ретінде» онлайн- коуч өткізді.
Коучтің мақсаты- тарих пәнінен вариативтік курстар бойынша авторлық бағдарламалар құрастырған үздік мұғалімдердің тәжірибесін тарату, практикада өзінің жеке әзірлемелерін қолдануға мүмкіндік туғызу, қызметтің нәтижелерімен, педагогикалық идеяларымен және жобаларымен бөлісе отырып, пән мұғалімдеріне авторлық бағдарлама жасау жолдары жайлы әдістемелік көмек көрсету.
Онлайн коучқа облыстың білім беру ұйымдарының және мамандандырылған білім беру ұйымдарының тарих пәні мұғалімдері, қауымдастық жетекшілері, аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері барлығы 90 адам қатысты.
Шара барысында:
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы №39 орта мектеп» КММ жоғары санатты тарих пәні мұғалімі Исанова Г.К., «Алгоритм создания авторской программы»;
ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығы, педагогикалық кадрлардың кәсіби құзыреттілігін дамыту кабинетінің меңгерушісі Кенжебаева А.Т «Требования предъявляемые к экспертизе авторских работ»;
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№36 орта мектеп» КММ жоғары санатты тарих пәні мұғалімі Кайкубаева Г.Ж. «Учебно-методический комплекс: проблемные моменты в процессе создания и экспертизы»;
ШҚО ББ Көкпекті ауданы бойынша білім бөлімінің «Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі» КММ тарих пәні мұғалімі Татманова А.А. «Шығыс Қазақстанның қасиетті орындары мен айтулы тұлғалары» авторлық бағдарламасын педагогикалық тәжірибеге енгізу тиімділігі»;
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№46 орта мектеп» КММ тарих пәні мұғалімі, педагог шебер Орамалова А.Ж. «Авторлық бағдарлама мұғалімнің зерттеу тәжірибесінің нәтижесі ретінде» тақырыптарында педагогтерге авторлық бағдарлама жасау жолдары туралы теориялық және практикалық түсініктердің қалыптасуына ықпал етуші әдіс-тәсілдермен бөлісіп, шебер сыныптар көрсетті.
Коуч соңында ұйымдастырылған кері байланыста қатысушылар өз тәжірибесімен бөліскен спикерлерге және ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Авторлық бағдарлама жасау алгоритмі бойынша әдістемелік ұсыным берілді.