«Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер» туралы Жарлыққа өзгеріс енгізіліп, 2013 жылдан бері қыркүйектің екінші жексенбісін Отбасы күні деп белгіленді.
2022 жылдың 5-9 қыркүйек аралығында Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарында білім басқармасымен бекітілген Тұжырымдамаға сәйкес оқушылардың бойында отбасына, жақындарына деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу, мектеп пен ата-ана байланысын нығайту мақсатында Отбасы күніне арналған іс-шаралар өткізілді.
Іс-шараға білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, ата-аналар қауымы, «Жас Қыран», «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымдары, 1-11 сынып оқушылары қатысты.
Іс-шаралар келесі формаларда және тақырыптарда ұйымдастырылды: «Отбасы мәселелері», «Защита прав и интереса детей» дөңгелек үстелдер; «Отбасым -бақыт мекенім», «Отбасы-тәрбие көзі», «Отбасындағы өмірдің маңыздылығы», «Заповеди моей семьи», «Семейное древо», «Счастливая семья-счастливые дети» бірыңғай сынып сағаттары; «Отбасындағы рухани құндылық», «Отан отбасынан басталады», «Ата-анам – мақтанышым», «Семья – маленькая страна» ата-аналарымен кездесулер; «Отбасым-байлығым», «Дружная семейка», «Портрет моей семьи»; қайырымдылық акциялары - «Отбасы отбасына көмектеседі», «Қайырымды отбасы», «Қайырымдылық отбасынан басталады», «Добрая семья»; отбасылық эстафета - «Жүйрік болсаң, озып көр», «Ең ұйымшыл отбасы», «Я, моя дружная семья» балалардың сурет байқауы; «Жанұям – алтын бесігім», «Менің отбасымның - бақытты сәттері», «Менің ата-анамның хоббиі» «Это- чудесная планета семья!», «Моя семья-счастливые моменты» фотокөрме; «Мен және менің отбасым», «Менің отбасым сыйластық», «Жарастық орнаған ортам», «Семейная реликвия», «Моя семья – моя крепость» челлендж; «Отбасы құндылықтары», «Счастливая семья-это…» бейнесауалнама.
Барлықтарыңызды Отбасы күнімен құттықтаймыз!