«Тірек мектеп – магниттік мектептер» кешені» пилоттық жобасы. Әдіскерлер, тірек және магнит мектептерінің директорларына арналған облыстық онлайн - кездесу

«Тірек мектеп  – магниттік мектептер» кешені» пилоттық  жобасы. Әдіскерлер, тірек және магнит мектептерінің директорларына арналған облыстық онлайн - кездесу

2022 жылғы 5 қыркүйекте ШҚО ББ  «Шығыс» өңірлік орталығы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен бірлесіп аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері, тірек және магнит мектептері директорларына арналған «Тірек мектеп– магниттік мектептер»кешені» пилоттық жобасының қызметі туралы жалпы ережелерді түсіндіру бойынша онлайн – кездесу өткізді.

ШҚО ББ «Шығыс» ӨО директорының орынбасары Абетаева Г.З. пилоттық жобаға 5 тірек мектеп – ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Үлкен-Нарын ауылдық лицей» КММ, ШҚО ББ Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Казнаковка орта мектебі» КММ, ШҚО ББ Күршім ауданы  білім бөлімінің «Қ.Нұрғалиев атындағы гимназия» КММ, ШҚО ББ Ұлан ауданы білім бөлімінің «Таврия орта мектебі» КММ,  ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Чапаев орта мектебі» КММ және 19 магниттік мектеп тандалғандығын мәлімдеді.

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Ауыл мектептерін және шағын жинақты мектептерді дамыту» зертханасының меңгерушісі  Мұқышева Алмагүл Наурызбайқызы «Тірек мектеп  – магниттік мектептер» кешені» пилоттық  жоба мақсаттары, міндеттері мен өзектілігі, сондай-ақ іске асыру кезеңдерімен  таныстырды.

«Тірек мектебі – магнитті мектептер» кешені» пилоттық жобасының мақсаты: Қазақстанның өңірлері, қалалық және ауылдық мектептері арасындағы оқыту сапасындағы алшақтықты қысқарту, шағын жинақты мектептерде онлайн білім беру технологияларын халықаралық стандарттарға сай қолданысқа енгізу.

Bugin холдингінің директоры Айбек Қуатбай «Вертуалды мектептер артқылы сапалы білімге қол жеткізу» жобасын таныстырды. Аталған жобада кең жолақты интернет желісі 8 мега/бит құрайтын шағын жинақты мектептер қатысатындығын айтты.

Онлайн кездесу кезінде қатысушылардың жобалар аясында қойылған сұрақтарына Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының өкілдері жауап берді.

Шара соңында тірек және магниттік мектептер директорларына ұсынымдар мен тапсырмалар берілді.