ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ «Балалар әлемі» жобасы шеңберінде Республикалық балалар оқулары байқауын (ары қарай - Байқау) ұйымдастырылатынын хабарлаймыз.
Байқаудың мақсаты - балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін, ақын-жазушыларының шығармаларын терең зерттеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімді қалыптастыру.
Байқаудың өткізу кезеңдері:
1) 15-25 қыркүйек аралығында аудандық/қалалық ;
2) 5-15 қазан аралығында облыстық;
3) 1-15 қараша аралығында республикалық кезеңі.
Байқауды өткізу тілі: қазақ тілі, 3-10 сынып оқушылары қатыса алады.
Байқауға қатысуға қызығушылық танытқан оқушылар сілтемеде көрсетілген «Әдебиет порталы» интернет-жобасындағы ұсынылған қазақстандық және шетелдік кітаптарымен дайындала алады: 3-4 сынып – «Ертегілер әлемінде»
https://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/858/8582d39c6debac017cd4e3c5ae03ccd7.pdf&ln=kz;https://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/1f0/1f0e1d651f684d093169ed78e11a8bbc.pdf&ln=kz
5-6 сынып – «Кел, балалар, оқылық!»
7-8 сынып – «Ғасырлар тарихты жырлайды»
9-10 сынып – «Ұлы Дала жырлары» және «Ұлы Дала ұлағаты»
https://adebiportal.kz/kz/books/view/koshpendyler-almas-kylysh__820