XXIIІ Республикалық Абай оқуларының қорытындысы

XXIIІ Республикалық Абай  оқуларының қорытындысы

2022 жылғы 13-18 тамыз аралығында Абай облысында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында XXIIІ Республикалық Абай оқулары өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практиқалық орталығы».

Шығыс Қазақстан облысынан байқауға облыстық кезеңінің
жеңімпаздары болған 6 оқушы қатысты.

Абай оқуларына қатысушылар 6 номинация бойынша сайысқа түсті:

-«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» – Абай өлеңдерін жатқа оқу байқауы;

- «Абайдың қара сөздері» – Абайдың қара сөздерін жатқа оқу байқауы;

-«Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» – Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлының шығармаларын оқу байқауы;

- «Көңілім әнді ұғады» – Абай мен Шәкәрім ән-күйлерін мәнерлеп орындау байқауы;

- «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» – өз шығармаларын орындау байқауы: өлеңдер, әндер, күйлер;

- «Ұлылар әлемі» – Абай шығармашылығы туралы эссе жазу байқауы.

Республикалық жарыстың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы командасының қатысушылары жүлделі орындарға ие болды:

І орын: Нуркина Роксолана (Шемонаиха ауданы);

І орын: Қалимолда Жұлдыз (Тарбағатай ауданы);

ІІ орын: Бақытбек Бекжан (Өскемен қаласы):

ІІ орын: Омаргалиев Дидар (Зайсан ауданы).

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практиқалық орталығының грамотасымен Болатова Алтынай (Риддер қаласы), Смайылұлы Досымжан (Өскемен қаласы) марапатталды.

Республикалық Абай оқуларының жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдар және сыйлықтармен, және жүлделі орын алған окушылардың ұстаздары Алғыс хатпен марапатталды.

XXIIІ Республикалық Абай оқуларының жеңімпаздарын жеңістерімен құттықтаймыз, табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!