Велотректен Қазақстан оқушыларының ХІ жазғы Гимназиадасының қорытындысы

Велотректен Қазақстан оқушыларының ХІ жазғы Гимназиадасының қорытындысы

2022 жылдың 11 мен 15 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Велотректен Қазақстан оқушыларының XI жазғы Гимназиадасы өтті.

Шығыс Қазақстан облысынан жарысқа 10 оқушы қатысты.

Жарыстың қорытындысы бойынша жекелей есепте облысымыздың оқушылары келесі орындарға ие болды:

Скретч топтық жарысы 7,5 км. (ұлдар):

ІІ орын - Хасенов Алдияр, Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі, 11 сынып оқушысы, Өскемен қаласы.

Спринт (қыздар):

ІІ орын – Салыкбаева Камила, №2 жалпы білім беретін мектеп, 9 сынып оқушысы, Өскемен қаласы.

Кейрин (қыздар):

ІІІ орын – Алесеенко Алина, Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі, 10 сынып оқушысы, Өскемен қаласы.

Жеке қудалау жарысы 2 км. (қыздар):

ІІ орын - Салыкбаева Камила, №2 жалпы білім беретін мектеп, 9 сынып оқушысы, Өскемен қаласы.

Командалық спринтте ШҚО қыздар командасы ІІ орын алды.

3 шақырымдық командалық қудалау жарысында ШҚО ұлдар мен қыздар командасы ІІІ орын алды.

Жалпыкомандалық есепте Шығыс Қазақстан облысының командасы жүлделі ІІ орынға ие болды.

Жеңімпаздарымызды жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!