Хабарландыру

Хабарландыру

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы 2022-2023 оқу жылына «Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» лицейі» КММ-нің, «Облыстық мамандандырылған мектеп – гимназия – интернаты» КМҚК қамқоршылық кеңесінің құрамын қалыптастыру және жаңарту туралы хабарлайды. «Мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ, «Облыстық мамандандырылған IT – мектеп – лицейі» КММ, «Облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-лицей – интернаты» КММ, «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп – кешені» КММ, «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ-де Қамқоршылық Кеңестерінің құрылатындығы және жаңартылатындығы туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық Кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің 7 үлгілік қағидаларына сәйкес Қамқоршылық кеңестің құрамына төмендегі мүшелер кіреді:

1) жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;

2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;

3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);

4) ата-аналар комитеті ұсынған сыныптардың, курстардың әрбір параллелінен осы білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;

5) қайырымдылық жасаушылар (бар болса).

Қамқоршылық кеңестің құрамы бойынша ұсыныстар мен өтініштерді қабылдау оқу орнында және ШҚО білім басқармасында 2022 жылғы 19 тамызға дейін жүзеге асырылады.