«Педагогикалық ассоциация – мұғалімнің кәсіби дамуының факторы» «Атамекен» тарих пәні мұғалімдерінің облыстық қауымдастығының 2021-2022 оқу жылы бойынша қорытынды отырысы

«Педагогикалық ассоциация – мұғалімнің кәсіби дамуының факторы» «Атамекен» тарих пәні мұғалімдерінің облыстық қауымдастығының 2021-2022 оқу жылы бойынша қорытынды отырысы

Бүгінгі заман талабына сай мұғалім – ол рухани дамыған, педагогикалық технологияның қыр-сырын жетік меңгерген шығармашыл тұлға болуы тиіс. Мұның тарих мұғалімдеріне де ерекше қатысы бар. Себебі тәуелсіз мемлекеттің азаматтарын қалыптастырушы пәндердің бірі ретінде тарих  қазіргі заманғы білім берудің алдыңғы шебіне шығып отыр.  Жаңа заман талабы тарихи білім беруді жетілдіріп, оның тиімділігін арттырудың нақты тетіктерін айқындау міндетін қояды. Бұл міндетті жүзеге асыруда пән мұғалімдерінің ассоциациясының маңызы үлкен.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы тарих пәні мұғалімдерінің «Атамекен» қауымдастығының жылдық жоспарына сәйкес облыстың білім беру ұйымдарының және мамандандырылған білім беру ұйымдарының тарих пәні мұғалімдері, қауымдастық жетекшілері және тарих пәні әдіскерлері үшін 2022 жылы 19 мамыр күні ««Педагогикалық ассоциация – мұғалімнің кәсіби дамуының факторы» тақырыбында облыстық ассоциациясының отырысын    өткізді.

Шараның мақсаты – тарих пәні мұғалімдерінің «Атамекен» қауымдастығының педагогтердің құзыреттілігін арттырудағы маңызы, жылдық   жұмысының  қорытындысы, болашақтағы міндеттері бойынша пікір алмасу, ұсыныстар жасау.

Онлайн семинарға облыстың білім беру ұйымдарының және мамандандырылған білім беру ұйымдарының тарих пәні мұғалімдері, қауымдастық жетекшілері, аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері барлығы 100 адам қатысты.

Шара барысында :

ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы  Глубокое орта мектебі» КММ тарих пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, ассоциация төрайымы Куропаткина Марина Викторовна, «Роль ассоциации учителей истории в решении актуальных проблем школьного образования»;

ШҚО ББ Жарма ауданы бойынша білім бөлімінің «Б.Тұрсынов атындағы орта мектеп» КММ тарих пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші ассоциация төрайымы Бутабаева Жанаргуль Орысбаевна, «Педагогтердің пәндік қауымдастығы - кәсіби қажеттілік» тақырыптарында аудандық пән ассоциациясында оқу жылы ішінде  атқарылған жұмыс нәтижелері, жетістіктері туралы айтып, іс-тәжірибелерімен, ұсыныстарымен, идеяларымен бөлісті.

Сондай-ақ, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО тарих пәні бойынша әдіскері Абраимова Бахыт Касеновна 2021-2022 оқу жылында «Атамекен» облыстық тарих пәні ассоциациясының  атқарған  жылдық жұмысы, алдағы міндеттері жайлы мәлімдеді.

Екінші сұрақ бойынша облыстық қауымдастықтың төрайымы болып ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Уваров орта мектебі» КММ тарих пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Ахмадиева Алия Куанышевна сайланды.

Семинарға қатысушылар кері байланыста ассоциацияның жылдық жұмысын қанағаттанарлық деп бағалап, алдағы оқу жылында назарға алатын мәселелер туралы ойларын білдірді.