«ШЖМ жағдайында ҚГБ және ЖМБ пәндері бойынша білім сапасын арттыру жолдары» практикалық семинары

«ШЖМ жағдайында ҚГБ және ЖМБ пәндері бойынша білім сапасын арттыру жолдары» практикалық семинары

2022 жылдың 22 сәуірінде ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес «ШЖМ жағдайында ҚГБ және ЖМБ пәндері бойынша білім сапасын арттыру жолдары» практикалық семинары өткізілді.

Семинардың мақсаты - шағын жинақталған мектептерде ҚГБ және ЖМБ пәндерін оқыту бойынша білім сапасын арттыру және әдістемелік көмек көрсету.

Іс-шараға облыстың шағын жинақты мектептерінің «Математика», «Физика», «Информатика», «Тарих», «Химия» және «Биология» пәндері бойынша 130 мұғалім қатысты.

Семинар барысында Күршім ауданының мұғалімдері:

«Жаңаауыл негізгі орта мектебі» КММ физика пәнінің мұғалімі Мустафина Гульчат Чайхановна «Шағын жинақты мектептің біртұтас сыныптарында физика пәнін оқыту»;

«Бурабай орта мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі Курмангалиева Гулжан Кенесбековна, «ШЖМ: Математика сабағын тиімді жоспарлау-нәтижелі сабақ кепілі»;

«Теректі №2 орта мектебі» КММ тарих пәнінің мұғалімі Мырзагулова Гульден Жумашевна «Шағын жинақты ауыл мектептерінде тарих пәнін оқытуда заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті;

Шемонаиха ауданы бойынша білім беру бөлімінің «Уба жалпы білім беретін орта мектебі» КММ мұғалімдері:

Ракова Ирина Владимировна «О способах повышения качества знаний учащихся по информатике через формирование мотивации к изучению предмета, адаптации учебного материала по принципам ЗБР  (зоны ближайшего развития)» тұлғаға бағытталған оқыту шеңберінде оқу процесін ұйымдастыру мүмкіндіктері туралы айтып берді;

Подгорнова Оксана Владимировна «Использование практико- ориентированных заданий при обучении математики с целью развития функциональной грамотности в условиях МКШ» - әр түрлі есептерді шешу үшін математикалық білімді қолдану мүмкіндіктерін ұсынды;

Фертиков Александр Владимирович «Развитие исследовательских навыков с использованием обучающей платформы SPARK в условиях МКШ как средство повышения мотивации к обучению» зерттеу дағдыларын қалыптастыру бойынша сабақтан тыс іс-әрекетте SPARK платформасын қолдану туралы айтты;

«Большереченск жалпы білім беру орта мектебі» КММ мұғалімі Акентьева Ирина Викторовна «Активизация познавательной деятельности учащихся при изучении предмета «Естествознание» тақырыбында сөз сөйледі.

Семинар соңында кері байланыс кезінде қатысушылар онлайн-семинар спикерлері тақырыптарының  өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап, өз тәжірибесінде пайдалану үшін үлкен білім қорын жинақтағандарын айтты.Модератор: Желпакова Айгуль Халелевна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің математика, физика, информатика пәндері бойынша әдіскері.