«Шағын жинақты мектептер жағдайында сапалы білімге қолжетімділік» өңіраралық онлайн вебинар

«Шағын жинақты мектептер жағдайында сапалы білімге қолжетімділік» өңіраралық онлайн вебинар

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығының жылдық жоспарына сәйкес 2022 жылдың 21 қаңтарында «Шағын жинақты мектептер жағдайында сапалы білімге қолжетімділік» атты онлайн форматта өңіралық вебинар өткізілді.

Өңіраралық вебинарға Алматы, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік, Батыс Қазақстан облыстары білім басқармаларының әдістемелік орталықтары өкілдері, біліктілікті арттыру  «Өрлеу» БАҰО АҚ БАИ мамандары және ШҚО бойынша ШЖМ басшылары мен пән мұғалімдері қатысты.

ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығы директорының орынбасары   Абетаева Гульнар Зекеновна алғы сөз сөйлеп, қатысушыларға алғыс білдірді.

  Вебинар барысында:

  • Кабдуллаева Куралай Сагатовна, Алматы облысы Алакөл аудандық оқу-әдістемелік орталығының әдіскері «Шағын жинақты мектептермен жұмыстарды үйлестіру жолдары»;
  • Бектемиров Альмурат Хабдрашитович, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ аға әдіскері «Сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз етудегі ресурстық орталықтардың рөлі»;
  • Щеглов Сергей Геннадьевич, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ аға оқытушы «Пути повышения качества образования в сельских МКШ»;
  • Бисенгалиева Айкерим Кенесовна, Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы «Амангелді негізгі орта мектебі» КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары «Шағын жинақты мектептердегі білім сапасын арттырудағы біздің жұмыс нәтижелеріміз»;
  • Балгина Багдат Каиргельдиновна, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Аққулы ауданы білім беру бөлімінің «Ямышев жалпы орта білім беру мектебі» КММ  директоры «Особенности внедрения инклюзивного образования в МКШ»;
  • Мусина Айган Сериковна Қарағанды облысы, Бұқаржырау ауданы «С.Т.Елгезеков атындағы негізгі орта мектебі» КММ  директоры «Жаңартылған бағдарлама шеңберінде инновациялық технологияларды қолдану тиімділігі»;
  • Рысбаев Мақсат Төлегенұлы, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы «№ 8 тірек мектебі» КММ директорының  орынбасары «Білім  алушылардың  жаратылыстану  ғылыми  сауаттылығын  арттыру  жолдары»;
  • Рахимбердинов Архат Ахметоллаевич, ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Қ.Қайсенов атындағы орта мектеп» КММ директоры «Ауылдық мектептің оқу-тәрбие үрдісін арттырудағы инновациялық жобалардың маңыздылығы»;
  • Дик Елена Викторовна, ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Секисовка орта мектеп-балабақша кешені» КММ директоры және Новожилова Елена Владимировна мектеп директорының орынбасары «Управление процессом повышения качества образования в условиях МКШ» тақырыптарында  инновациялық жобаларымен, педагогикалық идеяларымен  және озық іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Вебинар соңында ұйымдастырылған кері байланысты шараға қатысушылар спикерлердің тың идеялары мен жобаларының тиімділігін атап, әдістемелік бағыт-бағдар алғандығын атап өтті.

Іс-шараға барлығы 100 адам қатысты.

Өңіраралық вебинар материалдары электронды жинаққа енгізіліп, ШҚО білім басқармасының білім беру порталына орналастырылады.

Модератор: Бошаева Гульнара Манашевна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО  білім беру менеджменті кабинетінің әдіскері.