Әдістемелік онлайн-семинар «Математика сабақтарындағы зерттеу қызметі»

Әдістемелік онлайн-семинар «Математика сабақтарындағы зерттеу қызметі»

2022 жылғы 21 қаңтарда ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы жылдық іс-шаралар жоспары аясында «Математика» пәні мұғалімдері қауымдастығының мүшелері үшін онлайн режимде «Математика сабақтарындағы зерттеу қызметі» атты әдістемелік онлайн-семинар өткізді.

Семинардың мақсаты - тәжірибе алмасу, «Алтай қаласының мектеп-лицейі» КММ математика мұғалімі Т. А. Рублеваның озық педагогикалық тәжірибесін тарату.     

Іс-шараға облыстың математика пәні мұғалімдері қауымдастығының 20 төрағасы қатысты. Семинар барысында Т.А. Рублева балалармен жұмыс істеу кезінде қандай да бір мәселе шеңберінде жобалар жасау, сондай-ақ IT-технологияларды қолдана отырып, математика сабақтарында зерттеу бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.    Семинар соңындағы кері байланыс кезінде қатысушылар тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтті және өз тәжірибелерінде одан әрі пайдалану үшін әдістемелік ұсыныстар алды.

Модератор: Желпакова Айгуль Халелевна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің математика, физика, информатика пәндері бойынша әдіскері.