«Рухани-адамгершілік білім беру мен тәрбиені оқу процесіне интеграциялау арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды дамыту» семинар-практикум

«Рухани-адамгершілік білім беру мен тәрбиені оқу процесіне интеграциялау арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды дамыту» семинар-практикум

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 21 қаңтарда «Рухани-адамгершілік білім беру мен тәрбиені оқу процесіне интеграциялау арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды дамыту» онлайн семинар-практикум өткізді.

Семинар-практикум мақсаты - «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісіне интеграциялау бойынша өзін-өзі тану мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету.

Шараға облыстың  аудандық, қалалық жалпы білім беру ұйымдарының әдіскерлері және өзін-өзі тану мұғалімдері қатысты.

Семинар барысында:

 Амантаева Гүлсім Омарқызы Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласы                             «М. Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназия» КММ базалық білім беру мектебінің өзін-өзі тану мұғалімі «География сабағын өзін-өзі тану пәнімен интеграциялау арқылы оқушылардың бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару»;

Иманбаева Айна Саясатовна  Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласы «Хиуаз Доспанова атындағы  №14 орта мектебі» КММ, базалық білім беру мектебінің өзін-өзі тану мұғалімі «Өзін–өзі тану интеграциясының негізгі қағидаты – рухани-адамгершілік мұғалімнің бейнесі»;

Хамицевич Людмила Николаевна, ШҚО ББ Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№2 орта мектебі»КММ өзін-өзі тану мұғалімі «Білім беру процесінің сапалы жаңаруы ретінде жалпыадамзаттық құндылықтарды орыс тілі мен орыс әдебиеті пәндерінің мазмұнына интеграциялау»;

Рахымбаева Назым Мәдениетқызы, ШҚО ББ Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің  «№1 Марқакөл орта мектебі» КММ, өзін-өзі тану мұғалімі «Өзін–өзі тану интеграциясының негізгі қағидаты – рухани-адамгершілік мұғалімнің бейнесі»;

Сабилянова Гульназ Хамитоковна, ШҚО ББ Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің «Аягөз қалалық №2 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК тәрбиешісі «Балаларға рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру» тақырыптарында өз іс-тәжібиелерімен бөлісті.

Шара соңында кері байланыс ұйымдастырылып, мұғалімдер практикалық жұмыстардан алған әсерлерімен бөлісті және әдістемелік көмек алғандарын атап өтті.

Модератор   Алмабаева Айгерим Нурлановна  ШҚО ББ «Шығыс» ӨО тәрбие жұмысы кабинетінің әдіскері.