Сарсен Аманжолов атындағы Жоғары колледж студенттері Керлингтен өткен әлем кубогында жүлделі орынға ие болды

Сарсен Аманжолов атындағы Жоғары  колледж студенттері Керлингтен өткен әлем кубогында жүлделі орынға ие болды

Ағымдағы жылы Алматы қаласында кёрлингтен әлем кубогы – Н.Назарбаев атындағы XX(20th Nazarbayev Curling Cup WCT Mixed Doubles 2021) кубок жарыстары өтті.

Байрақты бәсекеде бақ сынау үшін 6 мемлекеттен 12 команда жиналды. Олардың арасында Финляндия, Эстония, Ресейден келген спортшылар бар. Үш күнге жоспарланған сайыс «Алматы Арена» мұз айдынында өткізілді. Н.Назарбаев атындағы кубок осыған дейін әлемнің бірқатар елінде ұйымдастырылғанымен Алматы қаласында алғаш рет өткізіліп отыр.

Аталмыш кубокқа С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті жоғарғы колледжінің студенттері: Хорьяков Никита мен Кадылжанова Малика қатысып дабл-микс түрінен 3 орынды иеленді.

Осы студенттер Алматы қаласында өткен Тынық мухиты Азия чемпионатында 6 орынға қол жеткізді.

Студенттер мен олардың жаттықтырушыларын жеңістерімен құттықтай отырып, биік белестерден асуын тілейміз.