«Елбасы медалі» бағдарламасы
Бағдарламаның мақсаты – қиындықтарды еңсеруге, әртүрлі салаларда өзін жүйелі түрде дамытуға, басқаларға қамқорлық жасауға, қойылған мақсаттар мен жоғары нәтижелерге қол жеткізуге қабілетті үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру. Бағдарламаның операторы – «Елбасы академиясы» корпоративтік қоры.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №249 қаулысымен 14-29 жас аралығындағы оқушылар мен жастарды «Елбасы медалі» белгісімен марапаттау ережесі бекітілді.
Бағдарламаға қатысушылары 14 пен 29 жас аралығындағы оқушылар мен жастар.
Бағдарлама қызметтің 7 бағытын қамтиды – «Спорт және дене шынықтыру», «Дарын мен дағды», «Кітап оқу», «Ұлттық мұра», «Еріктілік», «Туристік саяхаттар», «Еңбек тәжірибесі».
Бағдарламаның үш деңгейі бар: қола, күміс және алтын деңгейлері. Әр деңгейдің ұзақтығы 6 айдан 18 айға дейін. Әр деңгейдің өзіндік жас талаптары мен қызмет көлемі бар.
Қатысушылардың жұмысы «Білім – инновация» Қоғамдық Қоры ұсынған ментрлердің басшылығымен жүзеге асырылады.
«Елбасы Медалі» жобасына 2021 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша
14-22 жас аралығындағы 755 оқушы тіркелді, оның ішінде алтын – 68, күміс – 196, қола – 491. Облыс бойынша екі жыл ішінде 4 оқушы күміс, 692 оқушы қола медаль иегері атанды.
Қатысушылар өздерінің таланттары мен дағдыларын дамытады, кітап оқиды, ой-өрісін кеңейтеді, ұлттық мәдениет туралы білімдерін нығайтады, эмоционалды интеллект пен "soft skills" дамытады, әлеуметтік байланыстарды нығайтады.
Балалар тапсырмаларды үлкен ынтамен орындайды және өз нәтижелерімен әлеуметтік желілерде бөліседі.