Негізгі қызмет:
Жалпы білім беретін мектеп-бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары:
бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім және басқа да кәсіптік білімі, немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат;
Педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі соңғы 2 жыл, және басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл;
оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша: сарапшы немесе педагог - зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілігінің болуы.
Шағын жинақты мектеп басшысының (директоры) үшін:
тиісті бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе қайта даярлау курстарынан өткенін растайтын құжат;
педагогикалық жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес, оның ішінде білім беру ұйымында соңғы жұмыс өтілі;
оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша: сарапшы немесе педагог - зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілігінің болуы.
Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды білу.
Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады.
Педагогикалық кеңесті басқарады. Мектептің жұмыс жоспарын, оқу-тәрбие жұмысы жоспарын, жұмыс оқу жоспарын, пән-мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бекітеді. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдау үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді. Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді. Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогтердің біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады.
Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.
Педагогикалық этика бойынша кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады. Өз құзыреті шегінде мектептің басқа да барлық қызметкерлеріне жаза қолданады.
Қоғаммен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен), қорғаншылық кеңесімен жұмысты үйлестіреді.
Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымдарына ұсынады, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.
Ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.
Өзіндік кәсіби дамуын қолға алады, оның ішінде менеджмент саласында. Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.
Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және тағы басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады. Білім беру қызметін ұсыну сапасына жауап береді.
Лауазымдық ақысы: еңбек еткен жылдарына байланысты 116 579 теңгеден 137 594 теңгеге дейін.
Қызметтің қысқаша сипаттамасы:
Білім беру ұйымының басшысы лауазымына қойылатын біліктілік талаптары: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейін педагогикалық білім, немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім, немесе қайта даярлау туралы құжат; сондай-ақ білім беру ұйымдарында педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде педагогикалық еңбек өтілі сонғы 2 жыл, білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы еңбек өтілі 1 жылдан кем емес;
Оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде-қосымша педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог - шебердің біліктілік санатының болуы.
«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында көрсетілген адамдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Басшының лауазымдық міндеттері: Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымын Ұйымның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мәдени-демалыс қызметі, дене шынықтыру мен спортты дамыту саласында әлеуметтік, қосымша білім беру қызметтерін көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара іс-қимылын ұйымдастырады. Басқарудың заманауи әдістері негізінде жұмысты болжайды және жоспарлайды. Шағын ауданды дамытудың әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Білім беру сапасын бақылауды жүзеге асырады, білім беру процесі кезінде білім алушылар мен ұйым қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды. Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша жақын және алыс шет елдердегі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің қосымша білім беру ұйымдарымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады. Басқару құрылымын анықтайды, балаларға қосымша білім беру ұйымының қаржы-шаруашылық қызметіне басшылықты жүзеге асырады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады. Педагогтардың жұмысын үйлестіреді, қамқоршылық кеңестің және қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде балалар ұйымдарының қызметіне жәрдемдеседі. Оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша санитарлық-гигиеналық режим ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Педагог кадрларды және көмекші персоналды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасайды. Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналарымен (оларды алмастыратын адамдармен) жұмысты үйлестіреді. Қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді. Барлық органдарда ұйымның мүддесін білдіреді және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады.
Лауазымдық жалақы мөлшері – 116 579 теңгеден 137 594 теңгеге дейін.
Конкурсты өткізу күні: 17.01.2022ж.
Конкурсты өткізу күні мен орны: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1,
6-қабат, 601 кабинет, «ШҚО білім басқармасы» ММ.
Конкурс «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы (бұдан әрі – Қағида) негізінде жүргізіледі («Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығы).
Конкурсқа қатысу үшін кандидат мынадай құжаттарды ұсыну керек:
1) Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;
4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) біліктілік тестілеу сертификаты;
10) Блім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;
11) түйіндеме.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады. 4), 5), 6) 7), 8) 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді. 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады. Бұрын сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдаудың алдын алу мақсатында білім беруді басқару органының кадр қызметі кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы қосымша сұрау жібереді.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады.
«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында көрсетілген адамдар конкурстық орналасуға қатысуға жіберілмейді:
1) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған адамдар жатпайды;
3) психиатриялық және (немесе) наркологиялық есепте тұрған медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар жатпайды;
4) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттары жоқ адамдар;
5) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген өзге де шектеулер негізінде жүзеге асырылады.
Құжаттар хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде 2022 жылғы 17 және 25 қаңтар аралығында қабылданады: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, 6-қабат, 601 кабинет, «ШҚО білім басқармасы» ММ., телефон: 8/7232/ 702-361, электрондық мекенжай: s.kumarbaeva@akimvko.gov.kz