«Төңкерілген сынып» әдісінің оқу үдерісіндегі тиімділігі» облыстық онлайн-семинар

«Төңкерілген сынып» әдісінің оқу үдерісіндегі тиімділігі»   облыстық онлайн-семинар

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы қысқы каникул кезіндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2022 жылдың 5 қаңтарында жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Төңкерілгін сынып» әдісінің оқу үдерісіндегі тиімділігі» тақырыбында облыстық онлайн-семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты – педагогтердің оқу процесінде «Төңкерілген сынып» әдісінің тиімділігін көрсету және осы әдіс арқылы 4К дағдыларын дамыту.

Семинар барысында:

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№45 орта бейіндік мектебі» КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Капашева Айнур Кабидолдиновна «Төңкерілген сынып» әдісінің оқу үдерісіндегі тиімділігі» тақырыбында және бастауыш сынып мұғалімдері:

Рамазанова Гульназий Наймангазыновна «Төңкерілген сынып» әдісінің ерекшелігі»,

Канапина Асель Альмухановна «Төңкерілген сынып» әдісін қолдана отырып, Блум таксономиясы бойынша «Жинақтау» сатысына қол жеткізудегі тиімді әдіс-тәсілдер»;

Болатқызы Жадыра «Төңкерілген сынып» әдісін қолдана отырып, Блум таксономиясы бойынша «Бағалау» сатысына қол жеткізудегі тиімді әдіс-тәсілдер;

Дусупова Сындар Сагатбековна «4K дағдыларын дамытуға «Төңкерілген сынып» әдісінің ықпалы қандай?» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

«Төңкерілген сынып» технологиясын қолдану арқылы оқушылардың өз бетімен оқуын жетілдіру ерекшеліктері және оны сабақ барысында қолдану тиімділігін көрсетті. Аталмыш әдісті тәжірибе жүзінде іске асыру арқылы оқушылардың ақыл-ой қабілеттерін дамыту мүмкіндігіне тоқталып, әдістің қазіргі білім берудің бірнеше үрдістерін біріктірген тиімді тұстарын атап өтті.

Семинар соңында қатысушы педагогтермен кері байланыс ұйымдастырылып, тақырып негізінде пікір алмасты. Мұғалімдер оқу процесінде «Төңкерілген сынып» әдісін қолдана отырып қол жеткізуге болатын тиімді әдіс-тәсілдер туралы мағлұмат алды.

Модератор: мектепке дейінгі, мектепалды, бастауыш білім беру кабинетінің меңгерушісі Какетаева Д.А.