«Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша бастауыш сыныптарда сабақ беру ерекшеліктері» шеберлік сыныбы

«Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша бастауыш сыныптарда сабақ беру ерекшеліктері» шеберлік сыныбы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы қысқы каникул кезіндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2022 жылдың 5 қаңтарында облыстық «Үздік педагог-2021» байқауы жеңімпазының іс-тәжірибесін тарату аясында ШҚО ББ Көкпекті ауданы бойынша білім бөлімінің «Шайжүнісов атындағы орта мектеп» КММ базасында «Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша бастауыш сыныптарда сабақ беру ерекшеліктері» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған шеберлік сыныбын өткізді.

Шеберлік сыныптың мақсаты – оқушыларды сындарлы оқытуға үйрету, әлемдік білім кеңістігіне қол жеткізу, инновациялық білім негіздерін терең меңгерту бойынша тәжірибе алмасу.

Шараға Көкпекті ауданының жалпы білім беретін мектептерінің 70-ке жуық бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Шеберлік сынып барысында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «№3 Күршім гимназиясы» КММ бастауыш сынып мұғалімі, облыстық «Үздік педагог-2021» байқауының жеңімпазы Мырзабаева Аяужан Нурлановна жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшелігін атай отыра, «Суды тазарту әдістері» шеберлік сыныбын, «Білгір» дидактикалық ойын идеясымен таныстырды, «Үздік педагог» кәсіби конкурсқа дайындалу және жеңіске қол жеткізу тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар №3 Күршім гимназиясының мұғалімдері шара барысында білім ордасының жетістіктеріне таныстырылым жасады, қатысушылармен тренингтер ұйымдастырып, шеберлік сыныбының тиімді өтуіне ықпал етті.

Шара соңында кері байланыс ұйымдастырылып, мұғалімдер практикалық жұмыстардан алған әсерлерімен бөлісті және бастауыш сыныптарда оқушыларды сындарлы оқытуға үйрету, әлемдік білім кеңістігіне қол жеткізу, бойынша ұсынымдар алды. Келесі каникул кезінде «Үздік педагог – 2021» байқауы жеңімпазының іс-тәжірибесін тарату жалғасын табады.

Модератор: ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының мектепке дейінгі, мектепалды, бастауыш білім беру кабинетінің әдіскері Құрмашева Наркес Құрмашқызы