Білім басқармасы балаларды PISA республикалық және халықаралық зерттеулеріне дайындау мақсатында халықаралық зерттеулер форматында тапсырмаларды шешу бойынша практикалық семинарлар өткізіп отырады.
Жаратылыстану ғылыми пәндерін оқыту процесінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту міндеттерді шешу білігін қалыптастыру және білімді жаңа жағдайларда өз бетінше қолдану аспектісінде іске асырылады.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2022 жылғы 5 қаңтарда «Заманауи сабақ жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығының және мұғалім шеберлігінің көрсеткіші ретінде» онлайн-семинарын өткізді.
Онлайн-семинарда:
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп» КММ педагог-шебер, директордың міндетін атқарушы С.Ю.Тинькова «Болашақ ұрпақ мұғалімі: метабілік және метадағды курсы»;
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп» КММ педагог-зерттеуші, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары О.В.Макиенко «Болашақ ұрпақ мұғалімі: метабілік және метадағды курсы»;
ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша білім беру бөлімінің «С. Ластаев атындағы орта мектебі» КММ педагог-зерттеуші, математика пәнінің мұғалімі А.Ж.Жанузакова «Мәнмәтін есептерді шығарту арқылы оқушылардың функционалдық, математикалық сауаттылықтарын арттыру» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар барысында спикерлер сыни ойлау дағдылары, нақты жағдайдың математикалық моделін құру, командада жұмыс істеу, цифрлық қарым-қатынас жасау, оқушылардың міндеттерді шешу бойынша дағдылары мен қабілеттерін қалыптастыру және дамыту бойынша жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылды. Қатысушылар семинар тақырыбының өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтті және өз тәжірибесінде одан әрі пайдалану үшін әдістемелік ұсыныстар алды.
Іс-шараға облыстың жалпы білім беретін мектептерінен 100 математика мұғалімдері қатысты.