Казақстан Республикасы Тәуелсіздігің 30 жылдығына арналған «ЖАС САРБАЗ» сынып оқушылары арасында онлайн форматта «Алау» облыстық әскери-спорттық жарысының қорытындысы

Казақстан Республикасы Тәуелсіздігің 30 жылдығына арналған  «ЖАС САРБАЗ» сынып оқушылары арасында онлайн форматта «Алау» облыстық әскери-спорттық жарысының қорытындысы

2021 жылғы 13-15 желтоқсанда өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу және олардың азаматтық сана-сезімін қалыптастыру, жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары арасында «Жас Сарбаз» сынып оқушыларының дене шынықтыру, әскери-қолданбалы дайындығын жетілдіру мақсатында «Алау» облыстық әскери-спорттық ойындары өтті. Жарыс санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормалары, дезинфекция режимі сақтала отырып, Google қосымшасында Google Meet платформасында белгіленген уақыт режимінде өткен.

Жарысқа әскери-спорттық ойынның жалпы білім беретін мектептерінің іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары болған командаларынан – «Жас Сарбаз» 5-7 сынып оқушыларынын облыстың 119 оқушысы қатысты.

Жарыс бағдарламасы келесідей болды: белтемірге тартылу (ұлдар); арқада жатып денені көтеру (қыздар); толық емес бөлшектеуден кейін АК-74 толық емес бөлшектеу және құрастыру (ұлдар, қыздар); газтұтқышты кию (ұлдар, қыздар); берпи (ұлдар).

Жарыс қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен - 26, ІІ дәрежелі дипломмен - 26, ІІІ дәрежелі дипломмен - 26 қатысушы марапатталды. Қалған қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Жалпы командалық есепте жүлделі орындар келесідей бөлінді:

1 орын – Жарма ауданы, «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ;

2 орын – Риддер қаласы, «Шаңырақ көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ;

3 орын – семей қаласы, «№49 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!