«Ыбырай Алтынсариннің қазіргі білім берудегі педагогикалық мұрасы» халықаралық ғылыми-практикалық конференция

«Ыбырай Алтынсариннің қазіргі білім берудегі педагогикалық мұрасы» халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасымен 2021 жылдың 9 қарашасында  Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Ыбырай Алтынсариннің қазіргі білім берудегі педагогикалық мұрасы» атты онлайн-форматта халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Ғылыми-практикалық конференцияға шетелдік ЖОО профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері, магистранттар, докторанттар, «Өрлеу» БАҰО» АҚ мамандары, облыстың орта білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарлары және педагогтері қатысты.

Пленарлық бөлімде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Сайрангүл Ахметкәрімқызы Жұмаділова құттықтау сөзінде қатысушыларға алғыс білдірді.

Конфренцияның пленарлық бөлімі барысында:

филология ғылымдарының докторы, Халықаралық сыншылар ассоциациясының дипломанты, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, жазушы Нұрдәулет Ақыш «Ыбырай Алтынсарин жан-жақты дарын»; Қазан федералдық университеті (Ресей, Татарстан Республикасы, Қазан қ.) филология және мәдениетаралық коммуникация институты орыс әдебиеті және оны оқыту әдістемесі кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, Татарстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі, Г.Р. Державин атындағы Татарстан Республикасы әдеби сыйлықтың лауреаты Галимуллина Альфия Фоатовна «Роль педагогических идей Ыбырая Алтынсарина и татарских просветителей XIX века в формировании «человека культуры» на уроках русской и родной (татарской) литературы в школе»;

Мугла Сыткы Кочман университетінің профессоры,филология ғылымдарының докторы (Түркия) Екрем Аян «Ыбырай Алтынсариннің қазақ білім беру жүйесіне әсері және оның Ильминскиймен байланысы»;

 тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Жаратылыстану Академиясының корреспондент мүшесі, Алтай мемлекеттік педагогикалық университетінің Философия және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі (Барнаул қаласы) Скопа Виталий Александрович «Историко-этнографическое наследие Ыбырая Алтынсарина»;

 ҚР Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейінің қор сақтаушысы Әлім Жүзім Қартбайқызы «Ыбырай мұрасы - ұлт құндылығы»  тақырыптарында халық жазушысы, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, аса қажырлы қайраткері жайлы баяндап берді.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция:

«Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы Ыбырай Алтынсарин педагогикалық идеяларының сабақтастығы»;

«Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық-педагогикалық қызметінің құндылық негіздері»;

 «Мәңгілік Ел» құндылықтары: балалар мен жастар тәрбиесіндегі тарихи сабақтастық»;

 «Мектептің білім беру мазмұнын жаңарту және үш тілді тұлға қалыптастырудағы Ыбырай Алтынсарин мұрасының рөлі» бағыттары бойынша 5 секциялық отырыста өз жұмысын жалғастырды. Іс-шараға барлығы 600 адам қатысты.

Конференция материалдары электронды жинаққа енгізіліп, ШҚО білім басқармасының білім беру порталына орналастырылады.