2021 жылдың 3-5 қарашасында Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы «Менің шағын Отаным» жас тарихшылардың республикалық зияткерлік конкурсына қатысты.
Конкурстың мақсаты – талантты оқушыларды анықтау, өз туған жер тарихына деген қызығушылықты арттыру, шығармашылық қабілеттері мен қоғамдық белсенділіктерін қалыптастыру, жас ұрпақтың патриоттық және азаматтық сезімін дамыту, сонымен қатар өлкетану мен Қазақстан тарихынан білімдерін дамыту, ұлттық өзін-өзі анықтау және туған жері үшін мақтанышын жетілдіру.
Республикалық байқауға облыстық кезеңнің жеңімпаздары қатысты.
Республикалық кезең 2 турда өтті:
І тур – Қазақстан тарихы бойынша тестілеу;
ІІ тур – 4 номинация бойынша (видео – репортаж, видео, макет, эссе).
Байқау аясында балалар шығармашылық жұмыстар дайындады. Қатысушылар бейнерепортаждар ұсынып, туған өлкесінің тарихы, оның көрікті жерлері туралы эссе жазды. «Менің кіші Отанымның болашағы» тақырыбында макеттер қорғады.
Конкурс қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 10 сынып оқушысы Нұрланқызы Ділдә марапатталды.
ІІ дәрежелі дипломмен Семей қаласы №32 орта мектептің 10-сынып оқушысы Сайлаубекова Нұрай марапатталды.
«Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясында көрсеткен ерекше жетістігі үшін ҚР БжҒМ Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының грамотасымен Бородулиха ауданы Абай атындағы негізгі орта мектебінің 9-сынып оқушысы Каербеков Альтаир марапатталды.
Жүлдегерлерді, мұғалімдер мен ата-аналарды құттықтаймыз!