
Оқушылардың оқу үлгеріміне ең көп әсер ететіні оқу мотивациясы. Оқу мотивациясы – білім алушылардың білім мазмұнын белсенді меңгеруге, өнімді танымдық әрекеттерді оятатын процесс.
2021 жылы 5 қарашада Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы орталығы күзгі демалыс кезіндегі іс-шаралар жоспары аясында оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру және білім сапасын арттыру бойынша педагогикалық іс-әрекеттер мен тәсілдерді қалыптастыру мақсатында «Оқу мотивациясы төмен оқушылармен жұмыс істеудің тиімді әдістері» облыстық семинарын өткізді.
Онлайн-семинарға «Биология», «Химия», «География» пәні мұғалімдерінің қауымдастығының төрағалары, облыстың білім беру ұйымдарының және мамандандырылған білім беру ұйымдарының биология, химия, география пән мұғалімдері барлығы 100 адам қатысты.
Семинар барысында:
Қасен Амангелді, ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектебі» КММ география пәнінің мұғалімі «Педагогтің жаңашылдығы – оқу мотивациясын көтерудің сара жолы»;
Фунтова Алена Викторовна, ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының мектеп – лицейі» КММ химия және биология пәнінің мұғалімі «Формы и методы работы с учащимися с низкой учебной мотивацией на уроках биологии»;
Мучкина Юлия Николаевна, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№8 орта мектебі» КММ химия және биология пәнінің мұғалімі «Использование активных форм обучения на уроках химии и биологии для детей с низкой учебной мотивацией» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісіп, оқыту барынша тиімді болу үшін мұғалім әр оқушының әлсіз және күшті жақтарын, кемшілігі мен қол жеткізген табыстарын жақсы білуі керек екенін атап өтті.
Әдістемелік онлайн-семинар соңында қатысушы педагогтермен кері байланыс жасалып, тақырып негізінде пікір алмасты.
Модератор: Нұрбекова Аяулым Нұрбекқызы, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің биология пәні бойынша әдіскері.