«Тәлімгерлік жас маманның даму кеңістігі ретінде» облыстық онлайн семинар

«Тәлімгерлік жас маманның даму кеңістігі ретінде»   облыстық онлайн семинар

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы күзгі каникул кезіндегі жоспар аясында 2021 жылдың 3 қарашасында Шығыс Қазақстан облысының тарих пәні мұғалімдері үшін «Тәлімгерлік жас маманның даму кеңістігі ретінде» облыстық онлайн семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты - жас ұстаздың кәсіби тұрғыдан қалыптасу процесін жеделдету және атқаратын қызметіне байланысты жүктелген міндеттерді өздігінен әрі сапалы етіп орындай білу қабілетін дамыту; корпоративтік мәдениетке бейімдеу,ұстаздық міндетті саналы түрде және шығармашылықпен орындауға баулу.

Семинар барысында ШҚО ББ Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Қ.Сәтпаев атындағы Жәнтікей орта мектебі» КММ тарих мұғалімі  тәлімгер Енсеханова Сандуғаш Бейбітқызы жас мұғалім Серікбеков Жақсылық Серікбекұлымен тәлімгерлік тәжірибесімен бөлісті;

ШҚО ББ Бородулиха ауданының білім беру бөлімінің «Жезкент кентінің мектеп-лицейі» КММ тарих мұғалімі Калиева Алия Маратовна жас педагогтерге «Тірек сызбаны пайдалану және тарих сабағында картамен жұмыс істеу» шеберлік сабағын ұсынды.

Іс-шараға 100 адам қауымдастық жетекшілер, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, тәлімгерлер мен жас ұстаздар қатысты.

Кері байланыс барысында қатысушылар семинар тақырыбының бүгінгі күнге өзектілігін атап, ризашылықтарын білдірді.

Модератор: Абраимова Б.К., ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны  және білім беру сапасы мониторингі кабинетінің тарих пәнінің әдіскері