
2021 жылдың 2 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы күзгі демалыс мектебі іс-шараларының «Рухани жаңғыру» бағыты бойынша онлайн форматта «Білім беру ұйымдарындағы тәлімгер қызметі: Даму мәселелері. Перспективасы» облыстық семинар- практикум ұйымдастырды. Семинар жұмысына 100-ден астам педагог – аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, тәлімгерлер мен педагог-ұйымдастырушылар қатысты.
Білім беру ұйымдарындағы тәлімгерлердің қызметінің инновациялық педагогикалық тәжірибесін жалпылау және тарату мақсатында «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» облыстық байқауының жеңімпаздары:
Жумангазина А.А., Аягөз ауданының «Қалалық қазақ мектеп-лицейі» КММ» аға тәлімгері «Балалардың табысты әлеуметтенуі мен көшбасшылық қабілеттерін дамытудағы өзін-өзі басқару ұйымының рөлі»;
Исраилов Р.Д., Өскемен қаласының «М. Әуезов атындағы №17 орта мектеп» КММ аға тәлімгері «Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыруға жағдайында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері шеңберінде оқушылар арасында волонтерлік және қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру»;
Болатбекулы Ж., Ұлан ауданының «Асубұлақ орта мектеп» КММ аға тәлімгері «Қазіргі заман ағымындағы аға тәлімгер»;
Березовикова И. Д., Өскемен қаласының «Меновное орта мектеп» КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін енгізу факторы ретінде оқушының үйлесімді дамыған әлеуметтік жауапты тұлғасын қалыптастыру» тақырыптарында жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, шеберлік сабақтарын көрсетті.
Кері байланыс барысында спикерлер қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. 2021 жылдың 3-4 қараша күні өтетін Республикалық педагогикалық олимпиадаға облыстық кезеңінің жеңімпаздарына сәттілік тілейміз.