Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2021 жылдың 1 қарашасында күзгі каникул кезіндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде бастауыш сынып пән мұғалімдерінің сабақ беру процесінде ми мен ойлау жұмысын жылдамдатуға негізделген жаттығулар арқылы оқушылардың оқу белсенділігін және оқу сапасын арттыру мақсатында «Ой-өріс пен миды жаттықтыру» практикалық онлайн –коуч өткізді.
Семинар барысында «Жылдам оқу», «Ойша есеп және көбейту кестесі», «Каллиграфия», «Матемтикалық фокустар» атты курстарының авторы және тренері, Әл-Фараби атындағы бірінші Республикалық жаңа оқыту технологияларын дайындау бойынша оқу-әдістемелік орталығының басшысы Сембаева Асем Болатовна бастауыш пән мұғалімдеріне ойлау қабілетін шыңдауға арналған жаттығу түрлерін көрсетіп, әдістемелік көмек ұсынды.
Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылар қойылған сұрақтарына жауаптар алды, ми мен ойлау жұмысын жылдамдатуға негізделген жаттығулар бойынша бастауыш пән мұғалімдері сабақ барысында ой-өрісі мен ми жаттығуларының пайдасы зор екенін, болашақта өз тәжірбиелерінде қолданатындарын атап өтті.
Модератор: мектепке дейінгі, мектепалды, бастауыш білім беру кабинетінің меңгерушісі Какетаева Д.А.