Шайбалы хоккейден «Жұлдызша» республикалық балалар мен жасөспірімдер жарысының қорытындысы

Шайбалы хоккейден «Жұлдызша» республикалық балалар мен жасөспірімдер жарысының қорытындысы

2012 жылы туылған оқушылар арасында шайбалы хоккейден «Жұлдызша» балалар мен жасөспірімдер жарысының облыстық кезеңінің жеңімпаздары республикалық жарысқа қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша біздің жас хоккейшілер жалпы командалық ІІ орынды жеңіп алды.

 «Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №4 орта мектебі» КММ 3 сынып оқушысы - Рамазан Ералы атанды

«Ең нәтижелі» номинациясы бойынша (4 ойын, 11 соғылған шайба) Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша «№30 жалпы білім беретін мектеп» КММ 4 сынып оқушысы - Корешков Геннадий үздік деп танылды.

 2021 жылдың 18 қазанында шайбалы хоккейден «Жұлдызша» республикалық жарысының жүлдегерлерін марапаттау рәсімінің салтанатты жиыны өтті.
Балаларды жеңісімен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
Мухамедчинов Азамат Маратұлы құттықтады.

«Шығыс Қазақстан әрқашан қазақстандық хоккейдің отаны болған. Оның жарқын дәлелі - шайбалы хоккейден дәстүрлі «Жұлдызша» турнирлерін өткізу. «Торпедо» командасы ағымдағы жылдың көктемінде әкімнің кубогын жеңіп алып, республикалық жарыста Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғады. Жас спортшылар осы жарыста лайықты ойын көрсетіп, жүлделі орынға ие болды. Біздің сенімімізді толық ақтады деп сеніммен айта аламын», - деп Шығыс Қазақстан облысы әкімнің орынбасары атап өтті.

Жас спортшыларды жеңістерімен құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!