"Жас маман" жобасы

"Жас маман" жобасы

Бүгін, 2021 жылы 24 қыркүйек күні онлайн режимінде облыс колледждерінің басшыларымен кеңес өткізілді.

Пермь университетіндегі төтенше жағдайға байланысты білім беру процесінің барлық қатысушылары үшін қауіпсіз орта құру қажеттілігі туралы әңгіме өрбіді, Үлбі полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары майор А.Оспанов білім беру мекемелеріне келушілерді бақылауды аса назар аударуды тапсырды.

Сондай-ақ, кеңесте турникеттер орнату, Күзет агенттігімен шарттар жасасу мәселелері қаралды.

Колледждердің жатақханалары мен оқу ғимараттарында жүргізілген жөндеу жұмыстары бойынша мәселелер талқыланды.

"Жас маман" жобасын іске асыруға басты назар аударылды: уақытылы конкурстық рәсімдерді өткізу және жабдықтарды жеткізу.

Студенттерді вакцинациялау және короновирустық инфекция аурулары қарқыны талқыланды.