«Қауіпсіз мектеп ортасы» тақырыбында онлайн-сабақ

«Қауіпсіз мектеп ортасы» тақырыбында онлайн-сабақ

Онлайн сабақ өткізу туралы

«Қауіпсіз мектеп ортасы» республикалық акциясын өткізуге байланысты, сондай-ақ жасөспірімдер ортасында құқық бұзушылықтардың, жоғары сынып оқушылары арасында лаңкестік әрекеттің алдын алу мақсатында Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы 2021 жылғы 24 қыркүйекте мектеп оқушыларына «Қауіпсіз мектеп ортасы» тақырыбында онлайн-сабақ өткізді. Сабақ практикалық тренинг форматында өтті.

Онлайн-брифинг барысында Шығыс Қазақстанның әртүрлі елді мекендерінен қатысқан балалар мектептерінде жасөспірімдер ортасында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары қалай жүргізілетіні, жағымсыз жағдайдан, жанжалдан сақтану үшін қандай ережелерді білу керектігі, қауіп-қатер жағдайында өз-өзін қалай ұстау керектігі туралы өзекті ақпаратпен бөлісті.

Педагогтар мен оқушылар осы сияқты сабақтардың жүйелі өткізілуіне ниет білдірді. Аталған іс-шараға өңірден 5000-нан астам адам қатысты.