Шығыс Қазақстан облысында «Ұшқыр ой алаңы» республикалық дебаттық қозғалысының облыстық жолдастық турнирлерінің алғашқы ойыны өтті

Шығыс Қазақстан облысында «Ұшқыр ой алаңы» республикалық дебаттық қозғалысының облыстық жолдастық турнирлерінің алғашқы ойыны өтті

«Ұшқыр ой алаңы» дебаттық қозғалысын дамыту мақсатында облыстық білім басқармасымен жолдастық турнирлер өткізу кестесіне сәйкес 2021 жылы 23 қыркүйек күні Аягөз және Абай аудандарының командалары арасында онлайн форматта бірінші кездесу өтті.

Жолдастық кездесуге қалалық, аудандық білім бөлімдерінің дебаттық қозғалысын дамытуға жауапты мамандар, білім беру ұйымдарының дебат клуб жетекшілері және оқушылар қатысты.

Ойын барысында екі ойыншыдан тұратын командалар – Үкімет (Абай ауданы), Оппозиция (Аягөз ауданы) «Бұл палата ҚР орта білім беру жүйесінде қашықтықтан білім берудің оқушыларға тигізетін зиянынан пайдасы көбірек деп есептейді» тақырыбын талқылады. Тақырып аясында бірнеше мәселелер алдыға тартылып, пікірлер ортаға салынды.

Палата Спикерлері – Биназар Бейбітұлы Октябрь, Мақпал Ескендировна Асылбекова, Фархат Асқатұлы Мұхаметқазиев, сонымен қатар осы сайыстың төрешілері қызметін атқарды.

Төрешілер алқасының шешімі бойынша турнир нәтижесінде екі командада тартысты ойын көрсетуіне байланысты келесі айналымға өтті.

Турнир соңында қатысушылардың көкейтесті сұрақтарына жауап беріліп, дебат қозғалысын дамыту бойынша жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізілді.