«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының республикалық слетінің қорытындысы

«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының республикалық слетінің  қорытындысы

              2021 жылғы 21-23 қыркүйек аралығында ZOOM онлайн-платформасында қашықтық форматта «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының республикалық слеті өткізілді.

              Слеттің мақсаты - балалар мен жастардың патриоттық және азаматтық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық отрядтардың туристік қызметін жандандыру арқылы салауатты өмір салтын насихаттау.

              Слетке республиканың мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының және жалпы білім беретін мектептердің білім алушылары қатысты. ШҚО атынан облыстық, аудандық және мектепішілік слеттерінің  10 жеңімпаз оқушылары қатысты.

              Слет қорытындысы бойынша:

              І орын «Жас өлкетанушы» номинациясы бойынша Тарбағатай ауданы, «Ю. Гагарин атындағы орта мектебі» КММ 9 сынып оқушысы Айқынқызы Гаусар иеленді.

              І орын «Жорықта зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету» номинациясы бойынша Шемонаиха ауданы, «А. С. Иванов атындағы Выдриха жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы» кешені КММ 10 сынып оқушысы Бондаренко Ирина жеңіп алды.

              І орын «Жорықта зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету» номинациясы бойынша Шемонаиха ауданы, «А. С. Иванов атындағы Выдриха жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы» кешені КММ 10 сынып оқушысы Беляева Дарья иеленді.

              Республикалық слеттің барлық қатысушыларын, олардың               ата-аналарын және мұғалімдерін құттықтаймыз!

              Сәттілік пен жоғары жетістіктер тілейміз!