
Қазақстан Республикасында Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде «Отбасы – бақыт мекені» республикалық аптасын өткізуге әзірленген облыстық жоспар негізінде 2021 жылғы 6-12 қыркүйек аралығында іс-шаралар ұйымдастырылды.
Облыстың білім беру ұйымдарында «Бақыт – бұл...», «Менің отбасым – менің байлығым», конференциялары, «Анама сыйлық» акциялары, «Отбасылық құндылықтар» дөңгелек үстелдері, «Біз балаларымыздың болашағы үшін жауаптымыз» тренингтері, «Менің отбасым» суреттер мен шығармалар байқаулары, спорттық жарыстар, «Өз балаңа үлгі бол» ата-аналар жиналыстары, «Өз үйіңде бақытты адам» флэшмобы, «Ата-анаңа қоңырау шал» челленджі өткізілді.
Аталған іс-шаралардың басты мақсаты - Қазақстандағы Отбасы институтын нығайту, отбасының беделін арттыру, неке мен отбасының ұлттық құндылықтарын насихаттау, ұрпақтардың әлеуметтік және мәдени сабақтастығын қамтамасыз ету, қалыптасқан ұлттық дәстүрлерде қазақстандық отбасы моделін насихаттау болып табылады.
Мектеп педагог-психологтері, сынып жетекшілері мен медицина қызметкерлері бірлесіп, 5-11 сынып оқушыларымен «Кәмелетке толмағандардың репродуктивті денсаулығын қорғау» тақырыбында әңгіме өткізді.
«Мектепке жол» аясында халықтың әлеуметтік осал топтарының отбасылары үшін қайырымдылық акциялары өткізілді, онда оқушылар кеңсе керек-жарақтары бар рюкзактар, демеушілер мен жалпыға міндетті оқу қорынан мектеп формасын алды.
Мектеп кітапханашылары «Отбасы-шабыт көзі» кітап көрмесін, «Үздік оқырман отбасы» байқауын ұйымдастырды.
2021 жылдың 10 қыркүйегінде «Үздік оқырман отбасы» облыстық қашықтан байқауының қорытындысы шығарылды, оған облыстың қалалары мен аудандарынан 32 оқырман отбасы қатысты.
Бірыңғай күн барысында оқушылар мен ата-аналар, аталар мен әжелер іс-шараларға белсенді қатысып, өз дарындылығын, рух бірлігі мен отбасылық дәстүрлердің беріктігін көрсетті.
Тәрбие шаралары барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып жүргізілді.