
2021 жылдың 26 тамызында Шығыс Қазақстан облысы жалпы орта білім беру ұйымдарының 1-сыныпқа сабақ беретін мұғалімдері үшін «Әліппе», «Букварь» және «Математика» оқулықтарының авторларымен онлайн кездесу өткізілді.
Диалогтық алаңда Абай атындағы ҚазҰПУ педагогика және бастауыш білім беру әдістемесі кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, «Атамұра» баспасы «Әліппе» бағдарламасының авторларының бірі Жумабаева Азия Елеупановна; Қостанай қаласының «М.Қозыбаев атындағы №23 орта мектеп» КММ бастауыш сынып мұғалімдері, «Алматыкітап» баспасы «Букварь» оқулығының авторлары Богатырева Елена Васильевна» мен Регель Надежда Васильевна сынақтан өткен «Әліппе» мен «Букварь» оқулықтары туралы анықтама жұмыстарын жүргізіді. Сонымен қатар, Абай атындағы ҚазҰПУ педагогика және бастауыш білім беру әдістемесі кафедрасының доценттері, педагогика ғылымдарының кандидаттары, «Математика» оқулығының авторлары Ақпаева Әсел Бәкірқызы мен Лебедева Лариса Анатольевна оқулық ерекшеліктері туралы айтып өтті. Форсайт–семинарға «ZOOM» платформасы және «YOUTUBE» каналында 700-ге жуық 1-сынып мұғалімдері қатысып, құнды мәліметтер алды.