Шығыс Қазақстан облысы педагог қызметкерлерінің «Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі» тамыз конференциясы аясындағы «Заманауи білім беру сапасы: дәстүрлер, инновациялар, іс-тәжірибелер» пәндік секция отырысы

Шығыс Қазақстан облысы педагог қызметкерлерінің «Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі»  тамыз конференциясы аясындағы «Заманауи білім беру сапасы: дәстүрлер, инновациялар, іс-тәжірибелер» пәндік секция отырысы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылғы 16 тамызда «Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі»  Шығыс Қазақстан облысы педагог қызметкерлерінің  тамыз конференциясы аясында  тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған «Заманауи білім беру сапасы: дәстүрлер, инновациялар, іс-тәжірибелер»  секциялық отырысы өткізілді.

Секциялық отырысқа Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА мамандары, Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибелі ұстаздары және аудан, қалалардағы білім бөлімдерінің тарих пәнінің әдіскерлері, жалпы орта білім беру ұйымдарының пән мұғалімдері, барлығы 200 педагог қатысты.

Аталған шарада:

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Қазақстан тарихы» пәндер зертханасының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы Мақсат Алпысбес және аға ғылыми қызметкері Айгуль Токтарбаевна Кайыпбаева жалпы білім беретін мектептерде тарих пәнін оқытудың жайы және жаңа оқу жылындағы міндеттерімен таныстырды.

Татманова Асига Акашевна, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Көкпекті ауданы  «Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі»  КММ тарих пәні мұғалімі, педагог-шебер «Оқушылар біліміндегі олқылықтарды анықтау және оны жою жолдары»;

Жакупбаева Кумия Кажиевна, «Облыстык дарынды балаларга арналған мамандандырылган мектеп-лицей-интернаты» КММ  тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші «Тарихи концептілерге негізделген окыту арқылы оқушылардың тарихи ойлау дағдыларын  дамыту»;

 Байгельдина Мөлдір Төлеуқадырқызы, «Төлеубай Аманов атындағы №16 ЖОББМ»  КММ  тарих пәні мұғалімі, педагог-сарапшы  Семей қаласы «Қашықтан оқыту жағдайында тарихи концепт қалыптастыру проблемалары және оларды шешу жолдары»;

Махсат Турсынханович Кудагельдин, Семей қаласы физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» тарих пәні мұғалімі «Тарих сабағында оқушылардың зерттеу әрекеттерін ұйымдастыру (шеберлік сабақ)»;

Киприянова Инна Александровна, Семей қ.«№18 ЖББОМ» КММ жоғары санатты тарих пәні мұғалімі, «Атамекен» пән ассоциациясының жетекшісі, «Формирование исторических концептов на уроках образовательной области «Человек и общество»»;

 Зайниева  Зухра Семихановна, Семей қаласы Назарбаев Зияткерлік Мектебінің тарих пәні мұғалімі, педагог-сарапшы  «Развитие исследовательских навыков на уроках истории (шебер сабақ)»;

Куропаткина Марина Викторовна, Глубокое ауданы бойынша «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп» КММ  тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші, аудандық  ассоциация жетекшісі «Формы и приемы работы по ликвидации пробелов в знаниях обучающихся»;

Еремеева Ирина Геннадьевна, «ШҚО ББ математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші «Исследовательская деятельность на уроках истории как средство формирования функциональной грамотности учащихся» тақырыптарында ой бөлісті.

 Шығыс Қазақстан облысынан іс-шараға қатысқан 200 тарих пәні мұғалімі жаңа оқу жылының ерекшеліктеріне байланысты әдістемелік ұсынымдар алды.

Кері байланыста қатысушылар оң пікірлер қалдырып, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.