«Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК-ның базасында «Свинчатка» оқу-өндірістік тәжірибе базасының ашылуы

«Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК-ның базасында «Свинчатка» оқу-өндірістік тәжірибе базасының ашылуы

2021 жылдың 15 шілдесінде Катонқарағай ауданының Свинчатка ауылында «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК базасында «Свинчатка» оқу-өндірістік тәжірибе базасының ашылуы өтті. Практика базасы жұмысының негізгі бағыты өңірдегі колледждерде оқитын жетім балалар мен аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары үшін жазғы демалыс лагерін ұйымдастыру, колледж студенттері үшін  бастапқы әскери дайындық бойынша оқу-дала жиындарын ұйымдастыру және өткізу болып табылады.

Лагерь Бұқтырма су қоймасының жағасында орналасқан. Мұнда балалар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған: таза кең бөлмелер, күніне бес рет тамақтану, сауықтыру рәсімдері және т. б. Сондай-ақ, жасақтар арасында спорттық жарыстар, квесттер, таза ауада ойындар, флеш-мобтар, шығармашылық іс-шаралар, дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары, экскурсиялар ұйымдастырылып өткізіледі. Себебі жазғы кезеңде студенттердің сауығуын, демалысын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруды жетілдіру және тәлімгерлердің кәсіби шеберлік деңгейін арттыру үшін барынша жағдай жасау аталған оқу-өндірістік базаның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Айта кететін жәйт, бұл техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде колледж студенттері үшін жұмыс істейтін алғашқы оқу-өндірістік база болып табылады.

«Свинчатка» лагері базасында болашақта педагогикалық мамандықтар бойынша оқитын колледж студенттері үшін түрлі ауқымды іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

Сондай-ақ, республикалық деңгейде дәстүрлі «Тәлімгер вожатый FEST» фестивалін өткізу жоспарлануда, онда ЖОО мен колледждердің педагогикалық мамандықтарының белсенді студенттері үздік тәлімгер атағы үшін шығармашылық сайыста бақ сынасатын болады.

Салтанатты ашылу рәсіміне ШҚО білім басқармасының, ШҚО кәсіптік білім беру орталығының өкілдері, құрметті қонақтар, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.