«Менің Астанам! Менің елім!" атты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы суденттердің арасындағы облыстық онлайн-акция

«Менің Астанам! Менің елім!" атты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы суденттердің арасындағы облыстық онлайн-акция

Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі "ШҚО білім басқармасы" КММ, ШҚО колледждері директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігімен және «Бизнес және сервис колледжі" КМҚК-мен бірлесіп, 15-30.06. 2021 жылы «Менің Астанам! Менің елім!" тақырыбындағы Астана күніне арналған облыстық онлайн-акция өткізілді.

Бұл акцияның мақсаты - жастарды еліміздің бас қаласының тарихы мен қалыптасуына қызығушылыққа баулу, патриотизмге тәрбиелеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту. «Менің Астанам! Менің елім!"  онлайн-акциясына қатысу үшін колледж студенттері берілген тақырып бойынша бейнероликтер дайындады. Ұйымдастыру комитетіне келесі оқу орындарынан 11 бейне жұмыс келіп түсті: «Гуманитарлық –экономикалық колледж» мекемесі,  «Бизнес және сервис колледжі» КМҚК, «Өскемен көпсалалы технология колледжі» КММ, «Шемонаиха колледжі» ЖШС, «Гуманитарлық-техникалық колледжі» ЖШС,  «Шығыс Қазақстан технология колледжі» КМҚК, «Көлік колледжі» КМҚК,  «Электротехникалық колледжі» КМҚК, «Самар аграрлық-техникалық колледжі» КММ, «Зайсан технология колледжі» КММ, «Индустриялды-технологиялық колледжі» КММ.

Ережеге сәйкес онлайн-акция аяқталғаннан кейін барлық қатысушылар мен жетекшілері алғысхаттармен марапаттауға ұсынылды, жұмыстар оқу орындарының әлеуметтік желілерінде орналастырылды.