ТжКБ жүйесі оқу орындарының педагог қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу бойынша комиссияның отырысы

ТжКБ жүйесі оқу орындарының педагог қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу бойынша комиссияның отырысы

2021 жылғы 29 маусымда ШҚО білім басқармасымен ТжКБ жүйесі оқу орындарының педагог қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу бойынша комиссияның отырысы өткізілді.

Отырыс жұмысына аттестаттау комиссиясының мүшелері: мәслихат депутаты, прокуратура, өңірлік кәсіпкерлер палатасы, кәсіподақтар, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық кеңес, әлеуметтік серіктестер, ШҚО білім басқармасының өкілдері, сондай-ақ ШҚО кәсіптік білім беру орталығының әдіскерлері қатысты.

Комиссия отырысы барысында педагогтерге біліктілік санаттарын беру жөніндегі сараптамалық кеңестің ұсынымдары қаралды.

Комиссия мүшелерінің қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.