ХIV республикалық математикалық «Бастау» турнирінің корытындысы

ХIV республикалық математикалық «Бастау» турнирінің корытындысы

2021 жылдың 15-19 маусымы аралығында «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ХІІ республикалық «Бастау» математикалық турнирі өткізілді.

Турнирдің негізгі мақсаты - бастауыш мектеп жасындағы математикалық дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау,математика пәнінен бастауыш сынып оқушыларының білімін тереңдету және кеңейту болып табылады.

Турнирге еліміздің барлық аймақтарынан 140-қа жуық қатысушы қатысты. ШҚО намысын 6 оқушы қорғады.

Турнирдің республикалық кезеңі ZOOM платформасында үш айналымда өткізілді:

  • 1 тур « Әу баста» (командалық сынақ)
  • 2 тур - «Асық»(командалық сынақ);
  • 3 тур - «Математикалық бәйге» ( жеке сынақ).

Командалық сынақтың қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен Семей қаласы, Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназиясының командасы;

ІІІ дәрежелі дипломмен -  Өскемен қаласы, облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің командасы марапатталды.

Математикалық турнирдің қорытындысы бойынша жеке біріншілікте ІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

- Нұрхатқызы Айсана - Семей қаласы, Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның 3 сынып оқушысы;

- Рахан Олжас - Семей қаласы, Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназиясының 4 сынып оқушысы;

 ІІІ дәрежелі дипломмен:

 - Русланов Алихан - Өскемен қаласы, облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 2 сынып оқушысы;

- Елдосұлы Диас - Семей қаласы, Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның 2 сынып оқушысы марапатталды.

Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының грамотасымен Исабеков Тимур  - Өскемен қаласы, облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 3 сынып оқушысы марапатталды.

 

 

Олимпиада қатысушыларын,олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!

Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!