ШҚО командасының 7-8 сынып қыздар арасында футболдан Қазақстан Республикасының Ұлттық мектеп лигасына қатысуы

ШҚО командасының 7-8 сынып қыздар арасында футболдан Қазақстан Республикасының Ұлттық мектеп лигасына қатысуы

2021 жылғы 14-21 мамыр аралығында Семей қаласының «Цементник» стадионында 7-8 сынып қыздар арасында футболдан Қазақстан Республикасының Ұлттық мектеп лигасы өтті.

Жарыстың мақсаты – ҚР балалар мен жасөспірімдер спортын насихаттау және дамыту, оқушыларды футболмен айналысуға және салауатты өмір салтына тарту, моральдық-ерік, адамгершілік, патриоттық қасиеттерді тәрбиелеу.

Жарысқа 8 команда қатысты.

Шығыс Қазақстан облысының атынан жарысқа Ұлан ауданы «Таврия орта мектебі» КММ командасы қатысты. Команданың сандық құрамы - 15 қатысушы.

Ойындар FIFA футбол ойынының халықаралық ережелеріне сәйкес өткізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы
2 орынға ие болды.

Үздік қорғаушы болып Ұлан ауданы, «Таврия орта мектебі» КММ 8 сынып оқушысы Дубовик Анастасия танылды.

 

Балаларды жеңісімен құттықтаймыз! Сәттілік пен жаңа жетістіктер тілейміз!