Республикалық географиялық-спорттық ойындардың қорытындылары

Республикалық географиялық-спорттық ойындардың қорытындылары

15-29 мамыр аралығында Алматы қаласында онлайн форматта Мектеп спорт федерациясының қолдауымен Республикалық географиялық - спорттық ойындар – мазмұны бойынша білім беру элементтері мен спорттық пәндерге толы кешенді іс-шара өткізілді.

Географиялық-спорттық ойындардың негізгі міндеттері: Қазақстан географиясы туралы білімдерін кеңейту, спорттық географияны дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, халықаралық географиялық-спорттық ойындарға қатысу үшін жалпы білім беретін мекеменің үздік командасын анықтау.

Жарысқа Қазақстанның 10 өңірінен мектеп командалары қатысты. Шығыс Қазақстан облысының атынан Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназиясының командасы қатысты. Команда құрамы – 10 адам (5 ұл және 5 қыз).

Ойын қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы «Шоқан Уәлиханов туралы үздік ақпараттық-зерттеу жобасы» географиялық байқау» номинациясында 1 орын, «Спорттық-географиялық викторина» номинациясында 2 орын және «Дене шынықтыру дайындығын тестілеу» номинациясында 1 орын алды. Қатысушылар сертификаттармен, дипломдармен және медальдармен марапатталды.

Команданы және қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!