ШҚО колледждерінің әдіскерлері және директорларының орынбасарларымен өткізілген «Колледждердің академиялық еркіндігі - мәселелер мен перспективалар» атты әдістемелік вебинары

ШҚО колледждерінің әдіскерлері және директорларының орынбасарларымен өткізілген «Колледждердің академиялық еркіндігі - мәселелер мен перспективалар» атты әдістемелік вебинары

2021 жылғы 09 маусымда ШҚО білім басқармасымен колледждердің академиялық тәуелсіздікке көшуіне дайындық шеңберінде «Колледждердің академиялық еркіндігі - мәселелер мен перспективалар» тақырыбында облыстық вебинар өткізілді. Вебинарға ШҚО колледждерінің 85 директорының орынбасарлары мен әдіскерлері қатысты. Вебинардың мақсаты - колледждердің академиялық тәуелсіздікке өту процесі туралы мәселелерін көтеру.

Вебинардың спикерлер келесі мәселелерді қамтыды:

- «Колледждердің академиялық тәуелсіздікке көшуін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді шолу» - А. Ақылбек, ШҚО кәсіптік білім беру орталығының директоры;

- «Колледждердің академиялық еркіндікке өтуінің өзектілігі» - Ж.К. Далабаев, м.ғ.д., «TALAP» КЕАҚ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім мазмұны бөлімінің бастығы;

- «Университеттердегі академиялық тәуелсіздіктің кеңеюі, «ШҚУ» КЕАҚ тәжірибесінен» - А.К.Алипова, «ШҚУ» КЕАҚ академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры.

- «Академиялық еркіндікке көшу үшін «ШҚТУ» КЕАҚ жоғары IT колледжі даярлаудың ұйымдастырушылық және практикалық аспектілері» - А.Х. Хазиева, «ШҚТУ» КЕАҚ жоғары IT колледжінің директоры, А.А. Корунова, «ШҚТУ КЕАҚ жоғары IT колледжінің оқу бөлімінің менгерушісі.

Вебинар нәтижесінде колледждердің академиялық тәуелсіздікке көшуі келешегі зор және қажет деген қорытынды жасалды, қатысушыларға әдістемелік ұсыныстар мен мысалдар келтірілді.